-
Мазасыз, агрессивті және өзін-өзі бағалауы төмен балаларға психологиялық көмек
Бұл әдістемелік құрал педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, тәрбиешілерге, сондай-ақ баланың эмоционалдық ортасының үйлесімді дамуына мүдделі ата-аналарға арналған.
-
Химияны оқытуда оқушының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып креативті ойлауын дамыту
Авторлық бағдарлама химияны оқытуда оқушының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, креативті ойлауын дамыту мақсатында қалыптастырушы бағалау материалдары дайындалды. Қалыптастырушы материалдар химия пәнінің 11-сыныптрына арналған оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес әзірленген.
-
Әбіш әлемі және ұлттық құндылық
Әдістемелік құралда «Әбіштану» курсы бағдарламасының жоспары, сабақтар топтамасы, Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы шолулар, тест тапсырмалары, шығармадан үзінділер, эссе тақырыптары жинақталған.
-
Жасанды интеллект жүйелері
Әдістемелік құралда жасанды интеллект ұғымы, оқу процесінде жасанды интеллект қолданылу бағыттары, жасанды интеллект арқылы оқыту, бағалау әдістері және интерактивті платформаларды практикада қолдану тәжірибелері жинақталған.
-
«Қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» cабақтарындағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Әдістемелік құралда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әртүрлі әдістері мен нысандары қамтылған.
-
Еңбекке баулу арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу
Жинаққа енгізілген оқу материалдары құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар пәнаралық байланыста бола отырып, iс-әрекеттiк тәжірибеге бағдарлау негiзiнде пәндiк бiлiмдi жүйелеуге мүмкiндiк туғызады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал оқу үдерісін ұйымдастыруда мұғалімдерге практикалық жағынан көмекші құрал бола алады.
-
LEGO Education WeDo 2.0 конструкторымен роботтар құрастыру
Әдістемелік құралда білім берудегі робототехникалық модульдер және оларды оқу үрдісіне енгізудегі әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар, LEGO Education WeDo 2.0 конструкторымен роботтар құрастыру бойынша жобалық жұмыстар ұсынылған.
-
Отбасы тәрбиесі – әлем тәрбиесі
Ермекбаева,Л.Ж. Отбасы тәрбиесі – әлем тәрбиесі:әдістемелік құрал /Л.Ермекбаева, А. Жақсыбай, Б. Аманбаева.-Ақтөбе: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты, 2024.-64 б.-ISBN 978-601-81004-7-5.
-
Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары қарастырылған.









