-
Хабаршы Вестник 2024-№4-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми — әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген.Журналға педагогикалық ғылыми — әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды.
-
МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫНДА «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ОЙЫНЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әдістемелік құрал ұлттық құндылықтар арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту бағытында мектепалды тобы/сыныбы тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етуге арналған. Әдістемелік құралдың теориялық және практикалық бөлімдерінде «Жібек жолы» ойынын ұйымдастыру және тәжірибеде қолдану мазмұны ашылады.
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Бұл әдістемелік құралда оқушылардың сөйлеу мәдениетін, функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдер, шығармашылық тапсырмалар берілген. Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ұсынылған
-
Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары Қазақ тілі (оқытуы орыс тілінде) 2-сынып
Тапсырмалар жинағында бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Тапсырмалар жинағы қазақ тілі мұғалімдеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
-
АҚАН СЕРІ ҚОРАМСАҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Элективті курс бағдарламасында Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығын оқытудың күтілетін нәтижелері мен мақсаттары қарастырылады. Білім алушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті ақынның шығармаларымен танысып, Ақан сері жайлы қосымша естеліктер арқылы тың мәліметтер алады.
Курс бағдарламасы арқылы өлеңдердің кейіпкерлері мен оқиғалары арқылы қосымша деректерді зерттеп, «Ақан серінің шығармашылық мұрасы» атты өлеңдер жинағын құрастырып шығарады. Оқушылар Ақан сері шығармашылығын насихаттау мақсатында ғылыми жоба жұмыстарын жазып, өздерінің зерттеулерін таныстырады.









