-
Көркем жазу
Бағдарлама оқушылардың жазу дағдыларын дамыту, көркем жазу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауын ынталандыру және жазбаша сауаттылығын арттыруды көздейді. Бағдарламада каллиграфиялық дағдыларға үлкен көңіл бөлінген. Оқушыларды тек сауатты жазуға ғана емес, сонымен қатар әдемі, көркем жазуға үйрету мақсатында түрлі жаттығулар мен арнайы каллиграфиялық тапсырмалар ұсынылған.
-
Математика және логика
«Математика және логика» авторлық бағдарламасы 36 сағаттық күнтізбелік
тақырыптық жоспардан тұрады. Бағдарлама тақырыптары оқушылардың жас ерекшелігін
ескере отырып жасалған. Авторлық бағдарламаның мақсаты оқушылардың математика
пәніне деген білім мен дағдысын тереңдетуге, сандардың сырын ашуға, логикалық
есептердің мәнін түсініп, шығарылу жолын үйренуге, пәнге деген қызығушылығын
арттыруға, математикадан алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға,
адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге бағытталған. Авторлық жұмыста
оқушылар сандар әлемімен толық танысып, сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын
тапсырмаларды орындау дағдысы қалыптасып, метатанымы дамиды, математикадан терең
білім алуға мүмкіндік алады. -
Асыл сөздер
Курс бағдарламасы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі асыл сөздер арқылы, оқушының рухани — эстетикалық талғамын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушыларды ұлтымыздың бай ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқытуға, көркемдік-эстетикалық талғамы мен тіл байлығын арттыруға, шешендікке баулуға бағытталған.
-
Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары қарастырылған.
-
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оңтайлы дамытудың заманауи тәсілдерi. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың заманауи тәсілдері ұсынылдған. Педагогикалық үрдісте қолданылуы оңтайлы инновациялық технологиялар топтамасы жасалған және олардың дамытушылық маңызы негізделген. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған.
-
Жинақ Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалары
Сборник полезен для учащихся, родителей и
педагогов.






