-
Қоршаған орта
Бағдарламада оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді. Бағдарлама оқушыларға қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру, қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру, алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамытуға бағытталған.
-
ECERS-R шкалалары — мектепке дейінгі ұйымның пәндік кеңістік даму ортасының сапасын бағалау құралы ретінде
Нұсқаулықта білім беру саласындағы сапа және ECERS-R шкалалары ұғымына түсініктеме берілген, және талаптары мен үлгілері көрсетілген.
-
Python бағдарламалау тілі
Python бағдарламалау тілі – құрылымдық бағдарламалау ұғымдары (мәліметтер, операциялар, айнымалылар, тармақталу, циклдер мен функциялар, модульдер мен әдістер, массивтер, файлдар) туралы түсінік беретін терең бағдарламалау курсы. Бағдарлама оқушылардың логикалық және кеңістіктік ойлауын дамытуға бағытталған, тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға, компьютерлік технологиялар саласында практикалық дағдыларды игеруге ықпал етеді, оқушының интеллектуалды дамуына үлес қосады.
-
XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер
Авторлық бағдарлама XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер, олардың басталу себебі, барысы туралы және көрнекті тұлғалар жайында толық деректер беруді көздейді. Бағдарламада заман талабына сай бірқатар өзгерістер мен саяси- әлеуметтік мәселелердің мәні көтерілістердің ерекшеліктерімен сәйкестендіріледі.
-
Химия және кулинария
«Химия және кулинария» элективті курсында оқушылардың органикалық қосылыстардың негізгі кластары: органикалық қышқылдар, альдегидтер, көмірсулар, белоктар, амин қышқылдары туралы білімдері жаңартылады. Курс барысында оқушылар сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері, нан өнімдері, көкөністер, жемістер мен жидектердің химиялық құрамымен және жоғарыда аталған өнімдерді аспаздық өңдеу кезінде болатын химиялық процестермен танысады. Мектеп оқушыларының химиялық ыдыстар мен реактивтерді пайдалану білігі мен дағдылары жетілдіріледі. Курс барысында оқушыларда химияның адам өміріндегі практикалық маңызы туралы түсінік қалыптасады.
-
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар
Авторлық бағдарлама негізінен жануарлар дүниесінің омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрылды. Бұл бағдарламада қарапайымдылар, ішекқуыстылар, тікентерілер, құрттар, буынаяқтылар, желілілер типтерінің құрлысы, шығу тегі адам баласына пайда-зияны жайлы терең білім беру, биологиялық білімді тереңдету арқылы оқушы білімділігін арттыру, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың даму тарихы, яғни эволюциясы жайлы білімді дамыту мәселелері қарастырылады.
-
Физикадағы математикалық әдістер
Курс физиканың төрт негізгі саласын қамтиды: жылу құбылыстары, сәйкес электрлік құбылыстар, электромагниттік құбылыстар және жарық құбылыстары. Физикалық теориялардың кейбір заңдылықтарын, идеяларын, фактілерін, ережелерін және әсіресе олардың қолданбалы мәнін тереңірек түсінуге назар аударылады.
-
Логикалық математика
Бағдарлама заттарды салыстыру, уақыт, күнтізбе, өлшем бірліктер, геометриялық фигуралар және жан-жануарлар жайында қызықты математикалық мәліметтер, логикалық есептер шығару арқылы білім алушылардың білімін кеңейтуді көздейді.
-
Эссе жазуға бейімдеу
Авторлық бағдарлама жоғары сынып оқушыларының жазылым дағдыларын қалыптастыру, жазылымның табиғатын түсініп жазу, түсінгенін сараптай алу, білімін таразылай алу дағдыларын дамытуды көздейді. Оқушыларды эссе жазудың талаптарымен және құрылымымен, эссе түрлері және жазу тәсілдерімен таныстырады.









