-
«Жаһандану жағдайында білім алушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу аспектілері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы
Жинақта ұлттық мәдениет, тіл, салт – дәстүр, рухани мұралар және олардың жаһандық ықпал аясында сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.Сонымен қатар, ұлттық тәрбие беру саласындағы жаңа әдістер мен тәжірибелерді бөлісу, білім беру мен қоғамдық санада ұлттық рухани құндылықтарды нығайту жолдарын іздестіру мақсаты көзделеді.
-
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТӘЖІРИБЕСІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Жинаққа «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары бойынша филиалдарының қызметкерлері, ЖОО, қосымша, негізгі және жалпы орта, бастауыш, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері баяндамалары мен іс-тәжірибелері енген. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Арстангалиева Ж.С. 4К моделі бойынша ойындардың қолданылуы.
Әдістемелік құралда мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілерге ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдануға болатын 4К моделі бойынша жасақталған ойындар түрлері ұсынылған.
-
«Функционалдық сауаттылықты арттыру: әдістемелік қолдау, сапалы білім» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция
Жинақ білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Хабаршы Вестник-2024-№11-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми — әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. Журналға педагогикалық ғылыми — әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды.
-
«Маңғыстау əдіскері» республикалық ғылыми-əдістемелік жəне танымдық журналы.
Журналға педагогикалық ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Білім берудегі жаңашылдық», «Мектепке дейінгі білім», «Кәсіптік білім», «Жоғары білім», «Тәрбие», «Әдістемелік қоржын»,. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланады.
-
Инклюзивті білім берудің алғы шарттары
Әдістемелік құралда: инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары, оқыту стратегиялары мен әдістемелері, мұғалім, арнайы мамандар мен білім беру қызметкерлерінің рөлі, ата-аналармен және жұртшылықпен ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
-
Еңбекке баулу арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу
Жинаққа енгізілген оқу материалдары құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар пәнаралық байланыста бола отырып, iс-әрекеттiк тәжірибеге бағдарлау негiзiнде пәндiк бiлiмдi жүйелеуге мүмкiндiк туғызады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал оқу үдерісін ұйымдастыруда мұғалімдерге практикалық жағынан көмекші құрал бола алады.









