-
«Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру – сапалы білім беру шарты» аймақтық форум материалдары
Жинақ жалпы және арнайы білім беру білім беру мекемелері мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, психологтарға, класс жетекшілерге және де біліктілікті арттыру институты қызметкерлеріне арналады.
-
«ХХI ғасыр контекстіндегі дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау: мәселе және болашақ» облыстық форсайт-сессия материалдары
Жинақта дарынды балалар шығармашылығымен жұмыс жасайтын білім беру саласының барлық педагогтер қауымының, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушыларының, зерттеуші ғалымдардың, психологтердің, магистрлердің еңбектері жинақталған.
-
«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге» облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары
Жинақта ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлеуметтік маңызы, білім беруді қажет ететін балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіруді тәжірибеде қолдану әдістерінің тиімді жолдарын қарастырған.
-
«Білім берудің жаңа парадигмасы: SMART-МҰҒАЛІМНЕН SMART-МЕКТЕПКЕ» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
Облыстық конференция материалдары оқу-тәрбие үдерісінде тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, жүргізу және қорытындылау мәселесінің негізгі бағыттарын мазмұндайды.
-
Әл-Фараби тағылымы кәсіби-педагогикалық дүниетанымды дамытудың әдіснамалық негізі ретінде
Жинақ біліктілік арттыру саласын ұйымдастырушы әдіскер мамандарға, оқытушыларға, мұғалімдерге, жалпы оқыту-тәрбиелеу ісімен айналысуға бел байлаған барша азаматтарға арналған.
-
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге арналған оқу құралы
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге арналған оқу құралы /құраст.: Р.М. Нуржанова — Қостанай: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2019.- 42 б. — ISBN 978-601-312-422-3
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге әдістемелік нұсқаулық қазақ тілін үйрену барысында тіл үйренушінің басшылыққа алатын жағдайларын ескере отырып жазылған нұсқаулық. Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйреніп жаттығуда жаңа әліпбиді үйренушінің бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағыттайтындықтан педагогтерден шығармашылық деңгейде жұмыс жасау қажеттігі туындайды. Ұсынылған әдістемелік құралда заманауи латын
графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге сай тіл үйренушінің бойына рухани құндылықтарды сіңіруге орай назар аударатын жағдайлары қарастырылды. -
ТРИЗ: учим мыслить креативно
ТРИЗ: учим мыслить креативно : методические рекомендации /авт.- сост.: Истомина Н.С. — Костанай, 2018 — 19 с.
Настоящие методические рекомендации описывают опыт развития креативного мышления школьников через использование ТРИЗ. Приводятся методика решения задач, ее правила, а также приводятся примеры решения творческих задач.
Методические рекомендации могут быть использованы в практической деятельности педагогов дошкольных организаций, общеобразовательных школ, педагогов дополнительного, профессионального образования для повышения качества работы по развитию креативного мышления в рамках развивающего обучения.
-
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мәтініндегі білім беру мен тәрбиенің бірлігі: ізденіс және тәжірибе» облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары
Жинақта жоғары оқу орындарының ғалымдары мен институттың профессорлық-оқытушылық құрамының, сондай, ақбарлық білім саласының педагогтері мен сынып жетекшілерінің жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы білім беру мен тәрбиелеудің бірілігі тәжірибесін дамытудағы мақалалары жарияланған.
-









