-
-
-
Жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлқын алдын алу ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулықта бүгінгі қоғам дерттерінің бірі суицидтің туралы түсінікпен психологиялық ерекшеліктері және оның алдын –алу мақсатында жүргізілетін қызметтер қамтылған. Әдістемелік нұсқаулық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушыларына, кәсіптік және техникалық білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарының психологтарына арналған.
-
Математика пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
Әдістемелік ұсынылымда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу барысындағы нақты оқу мақсатына бағытталған тапсырмалар көрсетілген. Әдістемелік ұсынылымда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға қатысты тапсырмалар, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері және тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар үлгілері жинақталған.
-
Цифрлық лабораторияны биология сабағында қолданудың әдістемесі
Бұл әдістемелік құралдазертханалық жұмыстарда PASCO цифрлық лабораториясы өлшеуіш жүйесінпайдаланып ақпаратты жинау және өңдеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді цифрлық датчиктер негізінде үйрету жолдары баяндалады.
-
Табиғат және сиқырлы бояулар
Ұсынылып отырған «Табиғат және сиқырлы бояулар» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулықта бейнелеу өнері оқу саласының экологиялық тәрбие жұмысы бағытында алуан түрлі ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарлары берілген, сурет салу және аппликациялаудың дәстүрден тыс әдістерінің тиімді жолдары көрсетілген. Бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды қолдану арқылы кіріктірілген білім беру саласының бірнеше жолдары қарастырылған. Бұл әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілеріне арналады.
-
Қазақстан республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының эсселер топтамасы
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сыныптарда өткен курстар бойынша мұғалімнің өзіндік ой толғанысы, жаңартылған білім беруге көзқарасы,курстан кейінгі ойы, пікірі қамтылған. Курс тыңдаушыларының өз әрекетін іске асуын санамен байланысты курстан кейінгі ойға қатысты нақты, жинақы мазмұндалған. Осы бағытта дайындалған жинақ қазіргі оқыту бойынша болашақта эссе жазуға тиімді, үлгіретінде пайдалануға ұсынылады.
-
Возможности семьи в воспитании толерантности и духовной нравственности подрастающего поколения
Жас ұрпақты толеранттылық пен рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының мүмкіндіктері: әдістемелік нұсқаулық /құраст. А.М.Естемирова, Г.Е.Қуанышбек, И.Ә.Ибрагим. – Шымкент, 2018. – 96 б.
ISBN 978-9965-597-67-1








