-
Қазақстанның Жаңа заман тарихы: XVIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін
Бағдарлама қазақ жеріндегі XVIII ғасырдағы саяси жағдайлардан бастап, XX ғасырдың басындағы Қазақстанда болған негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді қамтиды. Бағдарлама Қазақстанның сол кезеңдегі тарихи дамуын, күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық оқиғаларын түсініп, сараптай алатын білім береді.
-
Тарих және жаһандану: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер
Бағдарлама тарихи оқиғаларды және жаһандану үрдістерін зерттеуге бағытталған. Қазіргі заманғы әлемдегі тарихи процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның қатысушыларына жаһандану мен тарихтың өзара байланысын түсінуге арналған теориялық және практикалық білім береді. Курс соңында қатысушылар жаһандану мен тарихтың өзара байланысын толыққанды түсініп, әлемдік тарихтағы маңызды оқиғалар мен үрдістерді сараптай алады, заманауи жаһандық мәселелерді тарихи контексте талдай алады, тарихи әдістемелерді заманауи тұрғыда қолдануға дайын болады.
-
Бауыржан Момышұлы – түркі әскери әдебиетінің негізін салушы
Авторлық бағдарлама орыс тілі мен әдебиеті курсының бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Авторлық бағдарлама оқушыларға Бауыржан сынды ұлы тұлға жайлы жан-жақты әрі терең мағлұмат беріп, таныстыруға мүмкіндік туғызады. Бұл курс Б.Момышұлының қайсар қолбасшы, қашанда тек шындықты айтатын белсенді азамат, жазушы, аудармашы және т.б. бейнесін жан-жақты ашады. Курс бағдарламасын зерделеуде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті сияқты басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
-
Информатикадан ҰБТ-ға дайындалуға арналған тест сұрақтары
Әдістемелік жинаққа ҚР негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес информатикадан барлық бағдарламалық материалды қамтитын анықтамалық материалдар мен тест тапсырмалары енген. Әдістемелік жинақ тақырыптық негізде құрастырылған және ҰБТ-да кездесетін тапсырмалардың ең толық тізбесін қамтиды.
-
Жалпы биологиядан есептерді шығару
Ұсынылып отырған элективті курс биология бойынша базалық білімді тереңдетеді және биологиялық есептерді шешу барысында негізгі білім беру құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Курс оқушылардың пәндік және пәнаралық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Курстың өзектілігі – зерделенетін тақырыптар практикалық маңыздылығымен бекітіледі, ол биология біліміне деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі және мамандық таңдауға бағыт береді.
-
Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Бағдарлама PISA халықаралық зерттеуінің жаратылыстану сауаттылығы бағыты бойынша білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылды.
-
Сөйлеу мәнері
«Сөйлеу мәнері» элективті курс бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамытуға арналған. Бағдарлама оқушылардың сөйлеу мәнері мен сөйлесу мәдениетін, еркін жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
-
Ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдерін балабақшада жобалау технологиясы арқылы жүргізу
Авторлық бағдарлама балабақша тәрбиеленушілерінің жоғары деңгейдегі ұлттық сана-сезімін рухани мұралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қалыптастыруды көздейді.









