-
Хабаршы Вестник 2025-№4 арнайы-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми — әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. Журналға педагогикалық ғылыми — әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды.
-
Асыл сөздер
Курс бағдарламасы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі асыл сөздер арқылы, оқушының рухани — эстетикалық талғамын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушыларды ұлтымыздың бай ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқытуға, көркемдік-эстетикалық талғамы мен тіл байлығын арттыруға, шешендікке баулуға бағытталған.
-
ТАҢҒАЖАЙЫП КУБИК: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ
Бұл әдістемелік ұсынымда бастауыш сыныптағы қазақ тілі мен математика пәндерінде білім алушылардың оқу белсенділігі және пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған «Таңғажайып кубик» дидактикалық құралдың мазмұны мен қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар беріледі. Әдістемелік ұсынымдар педагогтерге оқыту процесінде ойын технологиясының элементтері негізінде білім алушының функционалдық сауаттылығын, сыни және логикалық ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдысын дамытуға ықпал етеді.
Практикалық тұрғыдан ұсынылып отырған кубик білім алушының танымдық әрекетін белсендіре отырып, қазақ тіліндегі тілдік нормаларды меңгеруге және математикалық амал-тәсілдерді қолдануға бағытталған тапсырмалар және ережелермен толықтырылған.
-
«4 СЫНЫПТЫҢ 1-ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ»
Берілген материалдар оқу бағдарламасына сәйкес келеді. «Қазақ тілі», «Математика», «Әдебиеттік оқу», «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәндері бойынша бірінші жарты жылдық бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуді көздейді. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кері байланыс болып табылады. Бұл жалпы білім беретін мектептің 4 — сынып оқушыларына арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы.
-
Балалардың сөйлеу тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану
Әдістемелік нұсқаулық мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу және есте сақтаудың барлық түрлерін дамытуға арналған, сондай-ақ, мнемотехника, мнемотехника әдісін кәсіби қызметте қолдану жолдары, мнемокестелермен жұмыс істеудің тиімділігі қарастырылған.
-
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар
Жинақ «Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың ғылыми мақалалары, баяндамалары, сөйлеген сөздері, шығармашылық жұмыстары мен іс-тәжірибелерін қамтиды.
Жинаққа енген материалдар авторлық редакцияда жарияланды.









