-
Қазақ әдебиеті сабағында жасанды интеллект көмегімен білім алушылардың шығармашылығын дамыту
Әдістемелік құралда қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары, білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен практикалық тапсырмалар жүйесі қамтылған. Сонымен қатар жасанды интеллектті қолданудың педагогикалық, әдістемелік және этикалық қырлары талданып, сабақ жоспарының үлгілері мен нақты тәжірибелік мысалдар берілген.
-
-
Ұлттық даму контексіндегі педагогикалық мәдениет. 1 бөлім
Жинақ конференцияға қатысушылардың ұлттық даму контексіндегі педагогикалық мәдениетке қатысты ғылыми мақалалары, баяндамалары, сөйлеген сөздері, шығармашылық жұмыстары мен іс тәжірибелерін қамтиды.
-
Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
Әдістемелік ұсынымдарда инклюзивті білім берудің теориялық- әдіснамалық негіздері, нормативтік-құқықтық аспектілері, мектепте инклюзивті ортаны қалыптастыру, инклюзивтік мәдениетті дамыту, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық қолдау көрсету жолдары қамтылған. Сондай-ақ, ата-аналармен серіктестік орнату және оларды инклюзивті білім беру процесіне тарту бағыттары ұсынылған.
-
PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулықта PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бағытына сәйкес әзірленген тапсырмалар топтастырылған. Материалдар PISA форматындағы тест үлгілеріне негізделіп құрастырылып, оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Нұсқаулық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.









