-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ҚИЫНДЫҚТАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ
Жинақта барлық білім беру деңгейлеріндегі педагогтердің кәсіби дамуына өзекті болып табылатын педагогикалық шеберлікті жетілдірудің қазіргі заманғы қиындықтары мен перспективаларын талдауға арналған. Жинақта білім беру үдерісіндегі өзгерістер контексінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларын қолдану, инклюзивті білім беру, функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық және әдістемелік құзыреттерді жетілдіру мәселелері қарастырылады. Материалдар педагогтердің практикалық тәжірибесін жетілдіруге, кәсіби рефлексияны дамытуға және заманауи білім беру талаптарына сәйкес педагогикалық қызметті жетілдіруге бағытталған. Жинақ педагогтерге, әдіскерлерге арналған
-
-
-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Жинақта педагогикалық тәжірибенің білім беруді дамытудағы инновациялық негіз ретіндегі рөлі қарастырылады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқыту әдістері мен технологияларын жаңарту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты педагогикалық тәжірибені жетілдіру, жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізудегі облыс педагогтерінің тәжірибелерімен бөлісуге негізделген мақалалар ұсынылып отыр.
Аталған жинақта инновациялық педагогикалық тәжірибенің негізгі аспектілері, оның білім беру үрдісіне ықпалы, сондай-ақ педагогтер өз тәжірибелеріндегі кәсіби құзыреттіліктерін мақала жазу арқылы ұсынады.
-
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ (5-9-сыныптарға арналған көмекші құрал)
Бұл көмекші оқу құралында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі тақырыпта мәтіндер мен тапсырмалар берілген. Тапсырмалар оқушыларды оқылым мәтіндерінің мазмұнын терең түсінуге, есте сақтау, ойлау формаларын қалыптастыруға, оқылым дағдысын жетілдіруге, өз тұжырымын жасай білуге бағыттайды. Көмекші оқу құралы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, мәтінмен жұмыс жасаудың методологиясын терең меңгеруге және оқылым дағдысын дамытуға көмегін тигізеді. Көмекші оқу құралы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне және 5-9-сынып оқушыларына ұсынылады.









