-
«Білім берудің жаңа парадигмасы: SMART-МҰҒАЛІМНЕН SMART-МЕКТЕПКЕ» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
Облыстық конференция материалдары оқу-тәрбие үдерісінде тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, жүргізу және қорытындылау мәселесінің негізгі бағыттарын мазмұндайды.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қасиеттерін дамытудағы квест технологиясының рөлі
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтеріне арналған.
-
Әл-Фараби тағылымы кәсіби-педагогикалық дүниетанымды дамытудың әдіснамалық негізі ретінде
Жинақ біліктілік арттыру саласын ұйымдастырушы әдіскер мамандарға, оқытушыларға, мұғалімдерге, жалпы оқыту-тәрбиелеу ісімен айналысуға бел байлаған барша азаматтарға арналған.
-
Оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегиялар
Оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегиялар : әдістемелік ұсыныстар / Г.Ж.Сұлтанғазина, Г.С. Жусупова. — Қостанай: Қостанай облысы бойынша Өрлеу. — 2015, 58 бет. — ISBN 978-601-7789-86-2
Әдістемелік ұсыныстар мазмұны оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы саласындағы дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін, PISA бағдарламасы аясындағы оқу сауаттылығы саласындағы талдау және мәселелерді табысты шешу үшін қажетті дағдылықтар мен стратегияларды анықтау және оқу, талдау және мәселелерді шешу сұрақтары мен стратегияларын ұғынуға мүмкіндік туғызудағы әдістемелік ойлардан тұрады.
Бұл әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімдеріне, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына тәжірибе алмасу мақсатында ұсынылады. -
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық үдерісінде «ӨТШТ» технологиясын қолдану
Әдістемелік нұсқаулық «ӨТШТ» инновациялық технологиясы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілер мен педагогтерге арналған.
-
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге арналған оқу құралы
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге арналған оқу құралы /құраст.: Р.М. Нуржанова — Қостанай: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2019.- 42 б. — ISBN 978-601-312-422-3
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге әдістемелік нұсқаулық қазақ тілін үйрену барысында тіл үйренушінің басшылыққа алатын жағдайларын ескере отырып жазылған нұсқаулық. Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйреніп жаттығуда жаңа әліпбиді үйренушінің бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағыттайтындықтан педагогтерден шығармашылық деңгейде жұмыс жасау қажеттігі туындайды. Ұсынылған әдістемелік құралда заманауи латын
графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге сай тіл үйренушінің бойына рухани құндылықтарды сіңіруге орай назар аударатын жағдайлары қарастырылды.









