-
Жазба жұмыстар жинағы (1-4 сынып)
Жинақта оқу мақсаттарына негізделген жазба жұмыстарының түрлері, жүргізуге қойылатын талаптары, сыныптар бойынша үлгілері берiлген. Сонымен қатар дәстүрлi диктант пен қазiргi өлшемдегi диктанттардың айырмашылығы туралы, жазба жұмыстарының көлемi мен бағалау нормалары көрсетiлген.
-
Адам экологиясы
Бағдарлама заманауи экологияның, медицинаның, биологияның прогрессивті ғылыми білімі мен жетістіктерін және адам экологиясы мәселелерін терең зерттеуді қамтиды. Элективті курстың негізгі идеясы: адам экологиясын адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым ретінде практикалық түсіну.
-
Геометриядан есептер шығару
Әдістемелік құралда геометриядан ІІ тоқсанға (8 сынып) жоспарланған есептер қамтылған. Дәлелдеуге және шығаруға берілген есептердің дәлелдеу және шығару әдістемесі кеңінен талданып келтірілді. Әр тақырып бойынша А, В, С деңгейінің есептері берілген. Соңында «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынастары» тақырыбына тест тапсырмалары берілген.
-
Математика пәнін оқыту әдістемесі
Әдicтeмeлiк құpaл екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде математиканы мектепте оқытудың мақсаттары мен мазмұны, математиканы оқыту әдістері берілген. Екінші бөлімде «Пaйыз» жәнe «Пик фopмулacы» тaқыpыптapы қарастырылған. Eкi тapaудa дa aлдымeн қыcқaшa тeopиялық мaтepиaлдap, epeжeлep мeн зaңдылықтap, тeopeмaлap мeн фopмулaлap кeлтipiлгeн. Coдaн кeйiн тaқыpып бoйыншa eceптepдi шeшу үлгiлepi кeлтipiлгeн.
-
Ұлтымыздың ұлы музыкалық аспабы – домбыра
Ұлттық музыка негізінде оқушының аспапта шебер орындау мәдениетін қалыптастыру және рухани тәрбие беру мақсатында құрастырылған бағдарлама балалардың музыкалық қабілеттерінің әр түрлі болып келетіндіктеріне байланысты үш деңгейде жасалынған. Домбыра аспабын оқушыларға үйретудің әдіс-тәсіл жолдары берілген.
-
Тарих сабағында дереккөздерді талдауда саралау тапсырмаларын тиімді қолдану
Әдістемелік құралда тарих сабағында оқушыларды саралап оқытуды жүзеге асырудың әдістемелік аспектілері, сынып ішілік саралауды жүзеге асырудың әдістемелік ерекшеліктері, пәнді оқытудағы саралау тәсілдерінің тиімділігі, жазбаша дереккөздермен жұмысты ұйымдастыру арқылы тарих сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, «Тарихи дереккөздермен қалай жұмыс жасау керек» жадынамасы берілген.
-
Химия және өмір
Бағдарлама оқушыларға химия пәнінің негізгі курсын толық және табысты меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың қоршаған ортада болып жатқан химиялық процестердің ерекшеліктеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Химия және өмір» үйірмесі күнделікті өмірде қолданылып жүрген заттармен танысып, қолдану ережелерін біліп, іске асыру болып табылады. Құрастырылып отырған үйірме бағдарламасы тұрмыстық негіздегі тақырыптарды тереңдете меңгерте отырып, химиялық заттарды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуге негізделген.
-
Химиядан күрделі есептерді шешу жолдары
Әдістемелік құралда 10-11-сыныптағы химия пәнінің қиын тақырыптары бойынша есептерді шығару алгоритмі мен шешу жолдары берілген. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытатын дәстүрден тыс есептер қамтылған.
-
Сандық есептер шығару
Авторлық бағдарлама 8-11 сынып оқушыларының химиядан алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып, практикалық есептер шығару дағдысын қалыптастыруға арналған. Бағдарлама химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген, тақырып бойынша есептер, есептердің шығарылу жолдары, оқушыларға қажетті өзіндік жұмыстар берілген.









