-
Медицинадағы биология
Авторлық бағдарлама оқушылардың генетика саласындағы білімдерін тереңдетуге, медициналық биологияның даму тарихы, медициналық генетика, жұқпалы аурулар, тұқым қуалайтын аурулар, тұқым қуалаушылық, гендік инженерия, өзгергіштік, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген.
-
Тіршілік химиясы
Бұл 9 cынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және химия пәні бойынша білім, біліктіліктерін ескере отырып химия пәнін қосымша оқытуға арналған 36 сағаттық бағдарлама. Бағдарламада химиялық элементтердің тіршіліктегі орны, тіршілік химиясы саласындағы көңіл аударарлық мәселелер қарастырылады.
-
Химия және экология
«Химия және экология» авторлық бағдарламасы бейіндік дайындық аясында 9-сыныптағы химия курсының вариативті бөлігі ретінде химия пәні мұғалімдері үшін әзірленген және білім алушылардың химияны оқуға деген қызығушылықтарын дамытуға және экологиялық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.
-
Қызықты химия тәжірибелері
Әдістемелік құралда химия үйірмелерінде немесе белгілі бір тақырыпқа арналған химия кештерінде көрсетуге болатын тәжірибелер жинақталған. Негізінен тек қажетті реактивтері оңай табылады-ау деген қарапайым тәжірибелерге көбірек көңіл бөлінген. Келтірілген тәжірибелердің көпшілігі орыс тілінде шыққан кітаптардан және Ресейдің «Химия в школе» журналынан алынды.
-
Қызықты химия = Занимательная химия
«Қызықты химия» элективті курсы химия сабақтарында алған білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге ықпал етеді, тәжірибе жасау дағдыларын дамытады және бекітеді. Авторлық бағдарламадағы тақырыптар фактілерді және демонстрациялық химиялық экспериментті пайдалана отырып ұсынылған. Курстың модульдік құрылымы бар, оқушылар материалды оқу үшін әртүрлі схемаларды пайдалана алады.
-
Химиядан әpтүpлi типтегі eceптepдi шығаpу жолдары
Куpcтың бағдаpламаcы табиғатта, тipшiлiктe кeздeceтiн химиялық
үpдicтepдiң нәтижeciндe пайда болған заттаpдың тipi оpганизмгe тигiзeтiн зиянын cабақтаcтық ұcтанымымeн оқып бiлудi үйpeтeдi. Бағдаpлама химия пәнiнiң оқулығының таpаулаpы бойынша нeгiздeлдi. Бағдарламаны химия пәнi мұғалiмдepi бағдаpлы cыныптаpға көмeкшi құpал peтiндe пайдалануға болады.
-
Көміртек қосылыстарының химиясы – қарапайымнан күрделіге
Авторлық бағдарламада органикалық химия қосылыстары арасындағы генетикалық байланыс туралы, органикалық реакциялардың түрлері, қаныққан, қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттері, ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттері, бензол, оттекті органикалық қосылыстар, қаныққан біратомды спирттердің химиялық қасиеттері, фенолдың химиялық реакциясы, альдегидтер мен кетондардың, күрделі эфирлердің, аминдердің, көмірсулардың химиялық қасиеттері және сызбанұсқа бойынша өзгерістерді жүзеге асыру туралы материалдар берілген. Соңында есептердің шығару үлгісі келтірілген.
-
Тарихи тұлғалар
Авторлық бағдарлама оқушылардың Отан тарихының негізгі оқиғаларына байланысты, ондағы тарихи тұлғалардың алар орны, олардың елі үшін жасаған еңбектері және т.б. туралы құнды мәліметтер арқылы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама ежелгі заманнан бастап казіргі заман тарихына дейінгі тарихи тұлғалардың тарихтағы рөлін ашып, тұлғаларға қатысты оқиғалар мен олардың тағдырын баяндайды.
-
Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiндегi жазба жұмыстарының түрлерi мен бағалау нормалары
Ұсынылып отырған диктант мәтiндерi жинағында қазiргi таңдағы диктант жаздырудың ережесi және диктанттың түрлерi туралы түсiнiк берiлген. Сонымен қатар дәстүрлi диктант пен қазiргi өлшемдегi диктанттардың айырмашылығы туралы, жазба жұмыстарының мөлшерi мен диктанттың бағалау нормалары көрсетiлген.









