-
-
Step by Step технологиясы әдістемелік негізін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда пайдалану
Әдістемелік нұсқаулықта «Step by Step» технологиясын іске асыру, белсенділік орталықтары арқылы балалардың өз бетінше дамуы және өзіндік әлеу етін жетілдіруді жүзеге асыруға отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынастың жолдары қамтылған. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, тәрбиеші педагогтарға арналған.
-
-
Мен өз өлкемді зерттеймін
Бұл жинақ жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы, төл тарихымызға оң көзқарас, ұлт тарихын оқыту, насихаттау арқылы оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіруді көздейді. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдердідамытуға бағытталған. Байқау жинағын жоғары оқу орны,кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері, орта білім беру ұйымдары, оқытушыларына қолдануға болады.Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Әдістемелік құралда оқыту мен оқуда және кері байланыс жасау кезінде қолдануға болатын белсенді әдіс-тәсілдер мен қысқа мерзім жоспар, ата-анамен жұмыс түрлерінің үлгілері берілген. Жоспарлау барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдана отыра, оқушылардың бойында өмірге қажетті дағдыларды қолдануға болады. Әдістемелік құрал білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің тыңдаушыларының тәжірибесін тиімді қолдауға арналған.
-
«Білім берумазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптардағы өлкетану негіздері»
Бұл əдістемелік нұсқаулық өлкетану материалдары арқылы бастауыш сынып оқушыларында қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру жүйелілік, жеке тұлғалық, рефлексиялық амалдарға сүйеніп, табысты өзара əрекеттесу негізінде баланың қалыптан тыс нəтижеге жетуіне мүмкіндік береді. Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға, патриотизмнің ең жақсы үлгісі ортамектепте туған жердің тарихын оқытып, зерттеп, дамытуға бағыттайды.
-
Бастауыш мектептің педагогикалық процесінде «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жүзеге асыру
Әдістемелік құрал білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Методического пособие предназначено для учителей начальных классов организаций образования.
-
Мектептегі алтыншы күн: оқушылардың әлеуметтік маңызды қасиеттерін дамыту
Әдістемелік нұсқаулықта жалпы білім беретін мектептегі бескүндік оқу жағдайында қосымша білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты теориялық және практикалық материал ұсынылған.
В методических рекомендациях представлен теоретический и практический материал, связанный с особенностями организации дополнительного образования в условиях пятидневного обучения в общеобразовательной школе.
-
Қазіргі қазақ тілі, қазақ әдебиеті сабақтарын жобалау
Әдістемелік нұсқаулық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын жобалауда пән мұғалімдеріне көмек беруге бағытталған.









