-
«ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ РӨЛІ: МҮМКІНДІКТЕРІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулар жинағы
Жинақта «Қазіргі қоғамдағы жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы»»тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінің материалдары басылған. Облыстық педагогикалық оқулардың материалдар жинағы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына, кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларына әдістемелік құрал ретінде ұсынылады. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Хабаршы Вестник 2025-№5-журнал (арнайы)
Республиканский научно –методический журнал «Вестник» С 2013 году 30 мая журналу было выдано свидетельство под № 13648.В журнале печатаются научно- методические статьи. Статьи подразделяются по направлениям «гордость нации», «профессиональное повышение», «дошкольное образование», разработки уроков, сценарии».
-
Географиялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері
«Географиялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері» оқу-әдістемелік жинағы география пәні бойынша оқушылардың есептерді тиімді шешу дағдыларын дамытуға арналған. Жинақта географиялық есептерді шешудің негізгі принциптері, әдістері мен тәсілдері жан-жақты қарастырылған. Оқу-әдістемелік материалдар теориялық бөлімдермен қатар практикалық тапсырмалар мен мысалдарды қамтиды, бұл оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік береді.
-
Физикадан есептер және оларды шешу схемалары (ҰБТ-ға дайындық) = Задачи и схемы их решения по физике (подготовка к ЕНТ)
Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық жүйелі көзқарас пен мұқият жаттығуды қажет етеді. Есептерді шешу құрылымын пайдалану оқушыларға сыни ойлау мен талдау дағдыларын дамыта отырып, кез келген физика есептерін сенімді және тиімді шешуге көмектеседі.
-
Көптілді білім беру жағдайында ана тілін оқытуды жетілдіру
Жинаққа конференцияға қатысушылардың ұлттық тілде оқытатын мектептерде ана тілін оқытуды жетілдіру, көптілді білім беру саласындағы озық идеяларды іске асыру жолдары, көп мәдениетті және көп тілді білім беру мәселелері қарастырылған ғылыми-әдістемелік баяндамалары, сөйлеген сөздері мен мақалалары енген. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Реакция жылдамдығы мен тепе-теңдік
Бағдарламаның мазмұны оқушыларды тепе-теңдік тұрақтысын есептеу (құрамдық коэффициенттер мен концентрациялардан), тепе-теңдіктің өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларды анықтау, Ле-Шателье принципін пайдалану арқылы реакция бағытын анықтау сияқты есептеу тапсырмаларын қамтиды. Химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар, тепе-теңдік секілді материалдармен таныстырып, олардың теңдеулерін жазу, сипаттамаларын білу, химиялық реакциялардың өту шарттары мен механизмдерін түсіндіруді көздейді.
-
Қазақстанның Жаңа заман тарихы: XVIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін
Бағдарлама қазақ жеріндегі XVIII ғасырдағы саяси жағдайлардан бастап, XX ғасырдың басындағы Қазақстанда болған негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді қамтиды. Бағдарлама Қазақстанның сол кезеңдегі тарихи дамуын, күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық оқиғаларын түсініп, сараптай алатын білім береді.









