-
Өмірдегі физика
Авторлық бағдарлама 8-сынып оқушыларын өміріміздің барлық саласында кездесетін физика пәніне қатысты ғылыми деректермен таныстыруды, оқушылардың ғылыми-теориялық білімдерін қалыптастыруды мақсат етіп жазылған.
-
Тиімді сабақ жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттар
Әдістемелік құрал тарих пәндері бойынша жаңа форматтағы білім беру бағдарламалары шеңберінде жасалатын қысқа мерзімді жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттарды түсіндіреді. Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді басшылыққа алуға, жаңа сабақты негізгі критерийлерге сай жоспарлауға, смарт мақсат, күтілетін нәтиже, табыс критериін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
-
Мәтінді есептерді шығару жолдары
Әдістемелік құралда есептерді шешудің жалпы әдістері, мектеп математикасындағы мәтінді есептерді шешу тәсілдері мен жолдары қарастырылған.
-
Биология негіздері
«Биология негіздері» элективті курсының негізгі идеясы: биология негіздерін зерттеу, атап айтқанда биологияны біріктіретін бес принципті негізге алып зерттеу. Оқушылар эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбеюі мен дамуы туралы білімді меңгереді.
-
Хабаршы Вестник 2025-№4 арнайы-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми — әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. Журналға педагогикалық ғылыми — әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды.
-
Асыл сөздер
Курс бағдарламасы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі асыл сөздер арқылы, оқушының рухани — эстетикалық талғамын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушыларды ұлтымыздың бай ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқытуға, көркемдік-эстетикалық талғамы мен тіл байлығын арттыруға, шешендікке баулуға бағытталған.
-
Балалардың сөйлеу тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану
Әдістемелік нұсқаулық мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу және есте сақтаудың барлық түрлерін дамытуға арналған, сондай-ақ, мнемотехника, мнемотехника әдісін кәсіби қызметте қолдану жолдары, мнемокестелермен жұмыс істеудің тиімділігі қарастырылған.
-
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар
Жинақ «Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың ғылыми мақалалары, баяндамалары, сөйлеген сөздері, шығармашылық жұмыстары мен іс-тәжірибелерін қамтиды.
Жинаққа енген материалдар авторлық редакцияда жарияланды.









