-
«Латын графикасы арқылы «Мәңгілік елге» қадам басу факторларын педагогикалық тұрғыдан зерделеу» тақырыбындағы республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы.
Бұл жинаққа «Латын графикасы арқылы «Мәңгілік елге» қадам басу факторларын педагогикалық тұрғыдан зерделеу» тақырыбындағы республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылардың баяндамалары енгізілді.
-
«STEM»-білім беруді жаңғырту, әлеуметтік көзқарас, стратегиялық бастамалар, технологиялық шешімдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік оn -line конференция материалдар жинағы
Жинақта «STEM-білім беруді жаңғырту, әлеуметтік көзқарас, стратегиялық бастамалар, технологиялық шешімдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жолданған жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру мәселелерінің педагог мамандарының ғылыми баяндамалары мен іс-тәжірибелері енген. Конференция материалдар жинағы жалпы білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру мекемелерінің педагог мамандарына әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
-
«Отбасылық тəрбиенің қоғамдағы маңызы: мəселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми — тəжірибелік семинардың материалдары
Жинаққа жалпы орта білім беру педагогтарының сонымен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессор–оқытушылар құрамының ғылыми баяндамаларымен іс – тəжірибелері енген.
-
Хабаршы Вестник 2018-№3-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген.
Журналға педагогикалық ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды. -
Шағын жинақты мектептің педагогы: кәсіби даму мәселелері: VII Республикалық ғылыми-практикалық сырттай конф. материалдарының жинағы.
Жинақта VI сырттай өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинақталған.
-
Білім беру мазмұнын жаңарту идеялары бастауышта: теория, тәжірибе және нәтиже
Жинақ материалдары білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне,мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарларына, бастауыш сынып мұғалімдеріне, жоғарғы оқу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
оқытушылары мен студенттеріне арналады. -
Жаһандық құзыреттілік: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы soft skills, интеграция және функционалды сауаттылық
Біліктілік арттыру жүйесінің, жоғарғы оқу, негізгі орта, техникалық және кәсіптік білім беру,жалпы білім беретін орта мектептің барлық пәндерін оқытуда икемді дағдылар мен заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқытуда барлық пән мұғалімдеріне арналады.
-







