-
Үй жағдайында балық асырау
Авторлық бағдарлама оқушылардың биология, экология және табиғаттану саласындағы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Бағдарламада үй жағдайында балық асыраудың экологиялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Оқушылар су экожүйесінің ерекшеліктері, балықтардың түрлері, олардың тіршілік ортасы туралы толық түсінік алады және балық аулау тәсілдерін меңгереді.
-
Микробиология және биотехнология
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың микробиология және биотехнология саласындағы білімдерін тереңдету және олардың практикалық дағдыларын дамыту, осы ғылымдардың тұрмыстық, өнеркәсіптік маңызын түсіндіру. Бағдарлама оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге, ғылыми жобалар орындауға және биологияны өмірмен байланыстыруға бағытталған. Курс барысында оқушылар пробиотиктер, ашыту процестері, антибиотиктер және биотехнологияның медицина, экология және тамақ өнеркәсібіндегі маңызын зерттейді.
-
Органикалық және бейорганикалық қосылыстар
Бағдарлама оқушылардың химиялық білімін тереңдетуге және заттардың құрылымы мен қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрамы, химиялық байланыстары, қасиеттері мен қолданылу аясы қарастырылады.
Курс барысында оқушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы химиялық реакцияларды бақылап, талдау жүргізуді үйренеді. Бағдарлама оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, сыни ойлау қабілетін арттыруға және химияның өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.
-
Химиялық реакциялар типтері
Бағдарлама оқушыларды химиялық реакциялардың әртүрлі типтерімен таныстырып, олардың теңдеулерін жазу, сипаттамаларын білу, химиялық реакциялардың өту шарттары мен механизмдерін түсіндіру және әртүрлі химиялық реакциялар типтерін жүйелі түрде зерттеуге бағытталған. Әрбір тақырыптың соңында оқушылардың білімдерін тексеруге арналған тапсырмалар мен бақылау жұмыстары берілген.
-
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін қалыптастыру: ойыннан түсінуге дейін
Бұл құрал педагог-психологтерге, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы, сондай-ақ цифрлық сауаттылық бойынша жұмыс істейтін педагог мамандарға арналған.
-
Математика сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Әдістемелік құрал математика мұғалімдеріне, әдіскерлерге, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
-
Химияны оқытуда оқушының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып креативті ойлауын дамыту
Авторлық бағдарлама химияны оқытуда оқушының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, креативті ойлауын дамыту мақсатында қалыптастырушы бағалау материалдары дайындалды. Қалыптастырушы материалдар химия пәнінің 11-сыныптрына арналған оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес әзірленген.
-
Географиялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері
«Географиялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері» оқу-әдістемелік жинағы география пәні бойынша оқушылардың есептерді тиімді шешу дағдыларын дамытуға арналған. Жинақта географиялық есептерді шешудің негізгі принциптері, әдістері мен тәсілдері жан-жақты қарастырылған. Оқу-әдістемелік материалдар теориялық бөлімдермен қатар практикалық тапсырмалар мен мысалдарды қамтиды, бұл оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік береді.









