-
Физикадағы математикалық әдістер
Курс физиканың төрт негізгі саласын қамтиды: жылу құбылыстары, сәйкес электрлік құбылыстар, электромагниттік құбылыстар және жарық құбылыстары. Физикалық теориялардың кейбір заңдылықтарын, идеяларын, фактілерін, ережелерін және әсіресе олардың қолданбалы мәнін тереңірек түсінуге назар аударылады.
-
Эссе жазуға бейімдеу
Авторлық бағдарлама жоғары сынып оқушыларының жазылым дағдыларын қалыптастыру, жазылымның табиғатын түсініп жазу, түсінгенін сараптай алу, білімін таразылай алу дағдыларын дамытуды көздейді. Оқушыларды эссе жазудың талаптарымен және құрылымымен, эссе түрлері және жазу тәсілдерімен таныстырады.
-
Органикалық қосылыстардың генетикалық байланысы
Әдістемелік құралда Органикалық заттар және олардың жіктелуі, Органикалық реакциялардың түрлері, Органикалық қосылыстардың классификациясы, Органикалық қосылыстардың негізгі кластары, Алкандардың химиялық қасиеттері, Алкендердің химиялық қасиеттері, Алкиндердің химиялық қасиеттері, Алкадиендердің химиялық қасиеттері, Оттекті органикалық қосылыстар, Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері, Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері, Аминдердің химиялық қасиеттері, Көмірсулардың химиялық қасиеттері, Органикалық қосылыстардың әр түрлі кластарының арасындығы генетикалық байланыс және т.б. тақырыптар қарастырылған.
-
Қызықты химия тәжірибелері
Авторлық бағдарлама негізінен білім алушыларды зертханалық құрал-жабдықтармен және заттармен жұмыс істей білуге үйретуді, химия үйірмелерінде немесе химия кештерінде көрсетуге болатын тәжірибелерді орындауға, қарапайым эксперименттер мен зерттеулер жүргізуді үйретуді көздейді.
-
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бағдарлама тамақтану физиологиясы, адам өміріндегі дұрыс тамақтанудың маңызы, ашығудың жолдары, адам ағзасындағы зат және энергия алмасуы, рационалды тамақтану, тамақтанудағы дәрумендердің рөлі, дұрыс тамақтану негіздері, емдік-профилактикалық тамақтану және т.б. тақырыптарды қамтиды.
-
Аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жүргізетін педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу
Әдістемелік құралда аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыстың әдіс- тәсілдері, нейропсихологиялық зерттеу әдістері мен нейрокоррекциялық жаттығулар, АВА әдістемесі, аутизмі бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек беру жолдары мен әдістері қарастырылған. Берілген тапсырмалар кешені оны аутист балалармен түзету жұмыстарында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
-
«ZOOM платформасы» қашықтықтан оқыту жүйесі «Тьютор (мұғалім)», «Тыңдаушы (оқушы)»
Әдістемелік нұсқаулықта ZOOM платформасын қашықтықтан оқыту жүйесінде қолданушылардың негізгі атқаратын жұмысы көрсетілген. Нұсқаулық жеке компьютерлерде, ұялы телефондарда жүйеде жұмыс істеуді алғаш бастаушыларға арналған.
-
Химиядан есеп шығарып үйренейік
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған «Химия» оқулығында келтірілген сандық есептердің қысқаша шешулері келтірілген.
Қосымшада есептерді шығарғанда пайдаланылатын физикалық шамалар, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың суда ерігіштігі, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың салыстырмалы молекулалық массаларының мәндері, химиялық есептерді шығаруға қажетті формулалар кестелер түрінде келтірілген.
-
Киім тарихы. Сән және стиль
Авторлық бағдарлама білім беру саласына интерьер дизайны мен киімнің көркемдік дизайнына арналған мазмұн модульдерін енгізу, сондай-ақ оқушылардың кәсіби қызметтің осы саласына деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Бұл курс 6-8 сыныптарда оқытылатын «Технология» білім беру саласының «Үйді басқару технологиялары» бөлімінде ұсынылған тұрғын үйдің интерьеріне қатысты тақырыптарды зерттеуді кеңейтеді. 7-сынып оқушыларына бейін алдындағы дайындық шеңберіне арналған.









