-
Органикалық химия қосылыстары арасындағы генетикалық байланыс
Әдістемелік құралда органикалық химия қосылыстары арасындағы генетикалық байланыс туралы, органикалық реакциялардың түрлері, қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттері, ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттері, бензол, оттекті органикалық қосылыстар, қаныққан біратомды спирттердің химиялық қасиеттері, фенолдың химиялық реакциясы, альдегидтер мен кетондардың, күрделі эфирлердің, аминдердің, көмірсулардың химиялық қасиеттері және сызбанұсқа бойынша өзгерістерді жүзеге асыру туралы материалдар берілген.
-
Химиялық реакциялар
Бағдарлама элективті курс шеңберінде білім алушылардың химияның жеке тақырыптарын тереңдетіп оқуына бағытталған. Бұл бағдарлама оқушылардың химиялық реакциялар туралы білімдерін жүйелейді, тереңдетеді және бекітеді.
-
Химияны оқытудағы технологиялар
Әдістемелік кұралда қазіргі білім беруде кеңінен қолданылатын технологияларды: ақпараттық технологиялар, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, жобалап оқыту, оқытудың интербелсенді тәсілдері, қашықтықтан оқыту, «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT стратегиялары химия пәнінде қолдану жолдары қарастырылған.
-
Тапсырмалар мен жаттығулар химияда = Tasks and exercises in chemistry
Химия пәні бойынша ағылшын тіліндегі факультатив курсы қазақ тілінде білім алатын 8-сыныптарға арналған. Факультатив бағдарламасы 8-сыныптың химия курсы бағдарламасымен сәйкестендіріп құрылған. Ұсынылып отырған факультатив бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған сабақтар үш тілді білім беруге көшу жағдайында оқушыларға химия пәні бойынша базалық деңгейдегі білімді ағылшын тілінде меңгертуге мүмкіндік береді.
-
STEAM – әлемдік білім беру трендін тиімді пайдалану
Авторлық бағдарлама химия сабағында пәнаралық байланысты дамыта отырып, STEAM- технологияларын оқу процесінде қолдану арқылы білім алушылардың «Химия» пәніне қызығушылығын арттыруды көздейді. STEAM- технологияларды химия пәнінде белгілі бір құбылыстар мен тұжырымдамаларды әртүрлі фокустардан зерделеуде қолдану қарастырылған.
-
Химия есептеулері мен жаттығулары
Авторлық бағдарламада жалпы химиядан кездесетін есептердің түрлері және шығару жолдары келтірілген. Есеп шығарудың алгоритмдері, әртүрлі нұсқалары беріліп, әр есеп түрлері бойынша жаттығу сұрақтары мен есептер енгізілген. Авторлық бағдарлама орта мектептің жоғары сыныптарына арналған.
-
Медицинадағы биология
Авторлық бағдарлама оқушылардың генетика саласындағы білімдерін тереңдетуге, медициналық биологияның даму тарихы, медициналық генетика, жұқпалы аурулар, тұқым қуалайтын аурулар, тұқым қуалаушылық, гендік инженерия, өзгергіштік, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген.
-
Тіршілік химиясы
Бұл 9 cынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және химия пәні бойынша білім, біліктіліктерін ескере отырып химия пәнін қосымша оқытуға арналған 36 сағаттық бағдарлама. Бағдарламада химиялық элементтердің тіршіліктегі орны, тіршілік химиясы саласындағы көңіл аударарлық мәселелер қарастырылады.
-
Химия және экология
«Химия және экология» авторлық бағдарламасы бейіндік дайындық аясында 9-сыныптағы химия курсының вариативті бөлігі ретінде химия пәні мұғалімдері үшін әзірленген және білім алушылардың химияны оқуға деген қызығушылықтарын дамытуға және экологиялық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.









