-
Математика практикумы
Бағдарлама теориялық материалды кеңейтілген блоктар бойынша тереңдетіп оқытуды негізге алады. Бағдарлама мазмұны емтиханға, ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалғысы келетін жалпы білім беретін сынып оқушыларына арналған. Оқып-үйренуде жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасынан тыс жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Оқушылар жалпы мектеп бағдарламасында қамтылмайтын (алайда ҰБТда кездесетін) жоғары математиканың көптеген негізгі ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысады.
-
STEM технологиясының химия пәнін оқытудағы мүмкіндіктері
Әдістемелік құралда STEM білім беру мәселелері және химия пәнін оқытудағы STEM технологиясының мүмкіндіктері қарастырылған. Химия сабақтарында пайдаланалатын ұтымды қосымшалармен жұмыс істеу әдістемесі ұсынылған. Сонымен қатар қысқа мерзімді сабақтар жоспарларымен толықтырылған.
-
Генетикалық анализ негіздері
10-сыныпқа арналған «Генетикалық анализ негіздері» тақырыбындағы бұл бағдарлама
теориялық материалды кеңейтілген блоктар бойынша тереңдетіп оқытуды негізге алады.
Бағдарлама мазмұны емтиханға, ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалғысы келетін
жалпы білім беретін сынып оқушыларына арналған. Оқып-үйренуде жалпы орта білім
беретін мектеп бағдарламасынан тыс жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады.
Бҧл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп
бағдарламасында қамтылмайтын (алайда ҰБТда кездесетін кейбір есептерді шығаруға
септігін тигізетін) жоғары математиканың көптеген негізгі ұғымдарымен, кейбір әдіс
тәсілдерімен танысады. -
Тиімді сабақ жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттар
Әдістемелік құрал тарих пәндері бойынша жаңа форматтағы білім беру бағдарламалары шеңберінде жасалатын қысқа мерзімді жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттарды түсіндіреді. Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді басшылыққа алуға, жаңа сабақты негізгі критерийлерге сай жоспарлауға, смарт мақсат, күтілетін нәтиже, табыс критериін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
-
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар
Жинақ «Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың ғылыми мақалалары, баяндамалары, сөйлеген сөздері, шығармашылық жұмыстары мен іс-тәжірибелерін қамтиды.
Жинаққа енген материалдар авторлық редакцияда жарияланды.
-
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Нұсқаулық орта мектеп, колледждердің жаратылыстану циклы пәні педагогтеріне арналған.
-
Бастауыш класс оқушыларының коммуникативтік дағдыларын жетілдірудің тиімді жолдары
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда автор бастауыш кластарда тілдік пәндерді оқытудағы нәтижеге бағытталған білім беру сапасын жақсарту мақсатында сабақты жоспарлау топтамасы оқыту үдерісіндегі іс-әрекеттерді жүргізу қадамдары, теориялық түсініктеме, үлгілер мен жеке іс-тәжірибе қорытындылары берілген.







