-
Орта білім беру ұйымдарында сапаны басқарудың метакогнитивтік стратегиялары
Бұл әдістемелік құрал орта білім беру ұйымдарының басшылары, басшы
орынбасарлары және әдіскерлерге арналған.
Әдістемелік құралда орта білім беру ұйымдарында сапаны басқаруда
метакогнитивтік стратегияларды қолданудың тиімді амалдары сипатталады
және тәжірибелік тұрғыдан негізделеді.
Әдістемелік құрал орта білім беру ұйымдарының басшылары, басшы
орынбасарлары және әдіскерлердің басқарудағы метакогнитивтік амал
негіздерін жүйелі түсіну, тәжірибелік дағдыларын дамытуды қалыптастыруға
бағытталған -
Үш өлшемді кеңістіктегі геометрия: стереометрияның негізгі мәселелері
Авторлық бағдарлама стереометрияның негізгі мәселелерін оқушыларға түсіндіру мен оларды практикалық тұрғыда қолдануға арналған. Бағдарлама стереометрияны тек мектептегі/колледждегі оқыту процесі ретінде ғана емес, сонымен бірге оны нақты өмірде қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталған. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигураларды түсініп, оларды шешуде қажетті дағдыларды игереді, бұл олардың математикаға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
-
Физикадан есептер және оларды шешу схемалары (ҰБТ-ға дайындық) = Задачи и схемы их решения по физике (подготовка к ЕНТ)
Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық жүйелі көзқарас пен мұқият жаттығуды қажет етеді. Есептерді шешу құрылымын пайдалану оқушыларға сыни ойлау мен талдау дағдыларын дамыта отырып, кез келген физика есептерін сенімді және тиімді шешуге көмектеседі.
-
Ways to develop students’ reading skill in teaching English
Бағдарлама оқушылардың ағылшын тілі пәнінен күрделі грамматикалық тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, оқу сауаттылығын дамыту үшін олардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын арттыру және оларды оқу мен өмірлік тәжірибеге біріктіруге, әртүрлі мәтіндерді талдау және қорытындылау дағдыларын дамытуға негізделген.
-
Жасанды интеллект жүйелері
Әдістемелік құралда жасанды интеллект ұғымы, оқу процесінде жасанды интеллект қолданылу бағыттары, жасанды интеллект арқылы оқыту, бағалау әдістері және интерактивті платформаларды практикада қолдану тәжірибелері жинақталған.
-
Футбол ойынын үйрету
Бағдарламада фубол ойынын оқушыларға үйретудің әдіс-тәсілдері, футбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары берілген.
Бағдарлама оқушылардың негізгі физикалық қасиеттерін дамыту мен жетілдіруді, әр түрлі қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды, денсаулығын нығайтуды, балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартуды көздейді.
-
Өмірдегі физика
Авторлық бағдарлама 8-сынып оқушыларын өміріміздің барлық саласында кездесетін физика пәніне қатысты ғылыми деректермен таныстыруды, оқушылардың ғылыми-теориялық білімдерін қалыптастыруды мақсат етіп жазылған.
-
Биология негіздері
«Биология негіздері» элективті курсының негізгі идеясы: биология негіздерін зерттеу, атап айтқанда биологияны біріктіретін бес принципті негізге алып зерттеу. Оқушылар эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбеюі мен дамуы туралы білімді меңгереді.









