-
-
-
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУЫ»
Жинаққа ҚР бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің баяндамалары мен іс-тәжірибелері енген.Жинақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған.
-
МЕКТЕПАЛДЫ ТОБЫНДА «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ОЙЫНЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әдістемелік құрал ұлттық құндылықтар арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту бағытында мектепалды тобы/сыныбы тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етуге арналған. Әдістемелік құралдың теориялық және практикалық бөлімдерінде «Жібек жолы» ойынын ұйымдастыру және тәжірибеде қолдану мазмұны ашылады.
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Бұл әдістемелік құралда оқушылардың сөйлеу мәдениетін, функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдер, шығармашылық тапсырмалар берілген. Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ұсынылған
-
Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары Қазақ тілі (оқытуы орыс тілінде) 2-сынып
Тапсырмалар жинағында бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Тапсырмалар жинағы қазақ тілі мұғалімдеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
-
2 СЫНЫПТЫҢ 1-ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Қазақ тілі», «Математика», «Әдебиеттік оқу», «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәндері бойынша бірінші жарты жылдық бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуді көздейді. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кері байланыс болып табылады. Бұл жалпы білім беретін мектептің 2- сынып оқушыларына арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы.
-
Оқыту процесінде коммуникативтік тәсілді іске асыру/Реализация коммуникативного подхода в процессе обучения
Қазіргі білім беру жағдайында әртүрлі педагогикалық тәсілдер негізінде сабақты жобалауда жаңа талаптар пайда болды. Басылымда нақты өмірге жақын жағдайларда сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамытуды және білім алушыларды жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу процесіне белсенді тартуды көздейтін коммуникативтік тәсілді сабақта іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.
В условиях современного образования появились новые требования к проектированию урока на основе различных педагогических подходов. В издании представлены методические рекомендации по реализации на уроке коммуникативного подхода, предполагающего развитие четырех видов речевой деятельности в условиях, приближенных к реальной жизни, и активное вовлечение обучающихся в процесс обучения с учетом их индивидуальных возможностей.









