-
Дамытушы ойындарды балабақшада пайдалануға бағытталған тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: әдістемелік құрал
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымға қатысты отандық және шетелдік инновациялық технологиялар мен әдістемелер авторларының дамытушы ойындарын тәжірибеге ендіру арқылы әдіскерлер мен тәрбиешілердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Дамытушы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түрлі жас ерекшелік топтарында қолдануға болады.
Әдістемелік құрал біліктілікті арттыру институтының оқытушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған. -
Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық қабылдауын дамыту
Сөйлеудің дыбыстық құрылымын толыққанды меңгеру үшін фонематикалық қабылдаудың маңызы зор. Алуан түрлі әдебиеттік дереккөздерді талдау негізінде әртүрлі тілдік кемістіктері бар балалардың фонемаларды қабылдау және дыбыстау ақаулары салдарынан ана тілін дыбыстау жүйесін қалыптастыру үрдісінің бұзылуы анықталды.
-
Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық қабылдауың дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық қабылдауының жағдайын зерттеуде логопедтің қолданатын қағидаттары, әдістері мен тәсілдері туралы айтылады.Сөйлеуді дамыту, оның ішінде дыбыстарды анық айту және ажырату, артикуляциялық аппаратты меңгеру, сөйлемді дұрыс құру және т.б. – мектепке дейінгі білі беру ұйымдарының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі ретінде көрсетеді.
-
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оңтайлы дамытудың заманауи тәсілдерi. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың заманауи тәсілдері ұсынылдған. Педагогикалық үрдісте қолданылуы оңтайлы инновациялық технологиялар топтамасы жасалған және олардың дамытушылық маңызы негізделген. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған.
-
Мектепке дейінгі жастағы балаларға STEАM білім беруді ұйымдастыру әдістері. Әдістемелік нұсқау.
Әдістемелік нұсқауда мектепке дейінгі ұйым жағдайында STEАM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдері қарастырылады. Ұсынылып отырған нұсқау мектеп жасына дейінгі білім беру процесінде балалардың зияткерлік қабілеттерін танымдық әрекет барысында дамытуға және ғылыми-техникалық шығармашылыққа тартуға бағытталған
Әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне арналған.
ӘОЖ





