-
Оқушылардың биология пәнінен функционалдық және практикалық дағдыларын тапсырмалар арқылы жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулықта 8-сынып биология курсының негізгі бөлімдері бойынша оқушылардың теориялық білімін өмірмен байланыстыра отырып, функционалдық сауаттылығын, практикалық дағдыларын және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі ұсынылған. Нұсқаулықта тапсырмаларды құрастыру, оларды сабақ барысында қолдану және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша нақты әдістемелік ұсыныстар берілген.
-
Білім беру сапасын бағалау: халықаралық салыстырмалы зерттеулер мектеп тәжірибесінде
Жинаққа «Білім беру сапасын бағалау: халықаралық салыстырмалы зерттеулер мектеп тәжірибесінде» республикалық конференциясына қатысушылардың баяндамалары, сөйлеген сөздері мен білім алушылардың функционалдық ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын дамыту бағыттары бойынша мақалалары енген.
-
Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру жолдары
Әдістемелік нұсқаулықта 1-4 сынып «Математика» оқулықтарындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша оқу тапсырмаларының және TIMSS халықаралық зерттеулері мен ББЖМ тапсырмаларының мазмұны талданып, білім алушылардың пән сабақтарында математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.



