-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – үздіксіз білім беру жүйесі облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы
Жинаққа ҚР бойынша мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру мекемелер педагог мамандарының баяндамалары мен іс-тәжірибелері енген.
-
Саралап оқыту және саралап оқытудың үйренушілік тәсілдерін оқу үдерісінде жүзеге асыру
Әдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып пәндерін оқыту үдерісінде қолдануға болатын саралаудың әдістері мен тәсілдері ұсынылған. Оқыту барысында саралау әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың әр түрлі ерекшеліктерін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын тапсырмалар қарастырылған.
-
«ШҚО Педагогика жаршысы – Педагогический вестник ВКО» — №6 (104) 2022
«ШҚО Педагогика жаршысы – Педагогический вестник ВКО» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Журнал 2001 жылдың маусым айынан бастап шығады. Негізгі бағыты – біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі туралы, педагогикалық ұжымдар мен алдыңғы қатарлы мұғалімдердің үздік тәжірибелерін насихаттау, кәсіби деңгейді арттыруда көмек көрсету, және т.б. Журналға педагогикалық ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Шығу жиілігі — екі айда 1 рет.









