-
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Әдістемелік әзірлеме қосымша білім беру педагогтеріне арналған
-
Үздіксіз кәсіби білім беруде CLIL (пән мен тілді кіріктіріп оқыту) әдісін қолданудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Шойманова М.Б. Үздіксіз кәсіби білім беруде CLIL (пән мен тілді кіріктіріп оқыту) әдісін қолданудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері / А.О.Спатай, М.Б. Шойманова, М.М.Байбекова // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің хабаршысы. «Психология» сериясы. – 2019 . – № 3 (69). – Б. 35-38.
-
1-4 сынып оқушыларына бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Математика).
Жиынтық бағалауға арналған жинақта 1-4 сыныптың «Математика» пәніненбөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған критерийлері, дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсынылған, білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Жинақта бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жинақ бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау жинағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. -
Бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдері. Әдістемелік нұсқау.
Әдістемелік нұсқауда бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылады. Ұсынылып отырған нұсқау бастауыш ұстаздарына пәндерді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде кеңінен қолдануға, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған
Әдістемелік нұсқау жалпы білім беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. -
Қазақ және ағылшын тілдеріне салғастырмалы талдау
Шойманова М.Б. Қазақ және ағылшын тілдеріне салғастырмалы талдау / М.Б. Шойманова, Ф.И. Артыкбаева // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің хабаршысы. «Филология ғылымдарының» сериясы. – 2019 . – № 3 (69). – Б. 458-465
-
«Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінен 5-6 сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбындағы көмекші құрал
Дидактикалық көмекші құрал орыс тілді мектептердің қазақ тілі пәніне арналған. Оқу құралы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына кең мүмкіндік береді. Дидактикалық құралда қазақ тілінің фонетика, лексика және морфология салалары бойынша тапсырмалар құрастырылған. Көмекші құрал орыс мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған.
-
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің лингвомәдени аспектілері
Шойманова М.Б. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін білдіретін фразеологизмдердің лингвомәдени аспектілері / М.Б. Шойманова, Д.С.Абдуллина, Л.М.Комекбаева // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – 2019 . – № 8/2 . – Б. 188 -194.
-
12жылдық білім беру жағдайында әдістемелік бірлестік жұмысының рөлі
Бұл әдістемелік құралорта білім беру мектептерінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне ұсынылады.
-
Сүйіспеншілік педагогикасы — білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды рухани жаңғыртудың негізі
Республикалық конференция негізгі 4 бағыт бойынша жүргізілді:
1.«Өзін-өзі тану» сабақтарын жоспарлаудың озық тәжірибесі;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Бағдарламаның түйінді идеяларын ата-аналармен жұмыс аясында қолдау;









