-
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жоспарлау.
Әдістемелік нұсқаулықта ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің кәсіби құзыретін дамытудың теориялық-тәжірибелік аспектілері қарастырылған. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі талданды.
Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдеріне арналған. -
Дамытушы ойындарды балабақшада пайдалануға бағытталған тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: әдістемелік құрал
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымға қатысты отандық және шетелдік инновациялық технологиялар мен әдістемелер авторларының дамытушы ойындарын тәжірибеге ендіру арқылы әдіскерлер мен тәрбиешілердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Дамытушы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түрлі жас ерекшелік топтарында қолдануға болады.
Әдістемелік құрал біліктілікті арттыру институтының оқытушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған. -
Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық қабылдауын дамыту
Сөйлеудің дыбыстық құрылымын толыққанды меңгеру үшін фонематикалық қабылдаудың маңызы зор. Алуан түрлі әдебиеттік дереккөздерді талдау негізінде әртүрлі тілдік кемістіктері бар балалардың фонемаларды қабылдау және дыбыстау ақаулары салдарынан ана тілін дыбыстау жүйесін қалыптастыру үрдісінің бұзылуы анықталды.
-
ФИЗИКА ПӘНІ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ 7 СЫНЫП Әдістемелік нұсқаулық
Ұсынылып отырған оқу құралының тапсырмалары мен мазмұны жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Бұл жұмыс дәптерінің көмегімен жаңа буын оқулығының мазмұнын оқушылар өз бетімен меңгере алады.
-
ADOBE FHOTOSHOP бағдарламасын қолданудың жолдары
Бұл әдістемелік нұсқаулық жалпы және орта білім беру ұйымдарындағы оқытуда қазіргі заманғы білім беру кеңістігінің талаптарына сай әдіс-тәсілдер мен қағидаларға сүйене отырып информатика пәніндегі компьютерлік графиканы жүйелеп оқытудың маңыздылығын іске асыруға бағытталған Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау үлгілері қамтылған.
-
Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық қабылдауың дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық қабылдауының жағдайын зерттеуде логопедтің қолданатын қағидаттары, әдістері мен тәсілдері туралы айтылады.Сөйлеуді дамыту, оның ішінде дыбыстарды анық айту және ажырату, артикуляциялық аппаратты меңгеру, сөйлемді дұрыс құру және т.б. – мектепке дейінгі білі беру ұйымдарының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі ретінде көрсетеді.
-
Macromedia Flash 8 программасының интерактивті курсы. Әдістемелік нұсқаулық
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық Macromedia Flash құралдарымен қалай жұмыс істеуді үйретуге арналған. Нұсқаулық электронды оқыту құралдарын әзірлеуге қажетті дағды біліктерін арттыруға ниеттенген мұғалімдер, білімгерлер, оқушылар үшін арналған.









