-
1-4 сынып оқушыларына бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Сауат ашу, Қазақ тілі).
Жиынтық бағалауға арналған жинақта 1-4 сыныптың «Сауат ашу», «Қазақ тілі» пәндерінен бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған критерийлері, дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсынылған, білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Жинақта бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жинақ бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау жинағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
© -
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оңтайлы дамытудың заманауи тәсілдерi. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың заманауи тәсілдері ұсынылдған. Педагогикалық үрдісте қолданылуы оңтайлы инновациялық технологиялар топтамасы жасалған және олардың дамытушылық маңызы негізделген. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған.
-
Эссе жазудың теориясы мен әдістемесі — Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулықта жазылым дағдысын дамытудағы эссенің жазылу ерекшеліктері, түрлері, құрылымы, шығармадан айырмашылығы, көркемдегіш құралдарды орынды қолдану мәселелері қарастырылған. Педагогтер үшін дайын қысқа мерзімді сабақ жоспарлары ұсынылған.
Нұсқаулық жалпы орта және арнаулы орта білім беретін ұйымдардың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған. -
Рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру жолдары.
Әдістемелік нұсқаулықта рухани-адамгершілік білім беру жолдарының түрлері мен бағыттары қарастырылды. Рухани-адамгершілік білім беруде тек пәндік білім беру аясында ғана емес оқудан тыс жұмыстар, пәндерді интеграциялап оқыту және рухани-адамгершілік тәрбие беруде отбасылық тәрбие беру жолдары да назарға алынды.
Әдістемелік нұсқаулық орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған -
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік әзірлеме – мұғалімнің оқу үдерісінде оқушылырдың қажеттіліктерін анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жинағы түрінде ұсынылған. Жинақталған барлық әдіс-тәсілдер қолдану түсіндірмелермен берілген.
Әдістемелік әзірлеме біліктілікті арттыру жүйесінің мамандарына, мектеп мұғалімдеріне және білім беру салаларындағы оқу үдерісіне қатысатын барлық педагогтерге арналған.
ӘОЖ -
Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер пайдалану. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулық жаңартылған оқу бағдарламасына негізделген. Ұсынылған
әдістемелік негіздемелер мен әдіс-тәсілдер оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым,
тыңдалым дағдыларын дамытуға, оқушылардың оқуына барынша қолдау көрсетуге
бағытталған және оқытудың талаптарына сай. Нұсқаулықта берілген әдіс-тәсілдер
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу,
проблемаларды шешу, қарым-қатынас дағдыларын, жеке және топпен жұмыс істей алу
қабілетін дамытуға және аралас оқыту әдістемесімен оқытуға көмектеседі.
Әдістемелік нұсқаулық отандық жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне,
педагогикалық мамандықтарды даярлауды жүзеге асыратын гуманитарлық колледждер
мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, біліктілікті арттыру курстарының
тренерлеріне арналған -
Шағын жинақты мектептер үшін оқытудың тілдік дағдыларын дамыту тапсырмаларын дайындау жолдары. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулықта шағын жинақты мектеп жағдайында оқытудың тілдік дағдыларын дамыту бойынша тапсырмалар дайындау қарастырылады. Ұсынылып отырған нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне оқытудың тілдік дағдыларын дамыту тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.
Әдістемелік нұсқаулық шағын жинақты мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.
ОЖ 371.3 -
Мектепке дейінгі жастағы балаларға STEАM білім беруді ұйымдастыру әдістері. Әдістемелік нұсқау.
Әдістемелік нұсқауда мектепке дейінгі ұйым жағдайында STEАM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдері қарастырылады. Ұсынылып отырған нұсқау мектеп жасына дейінгі білім беру процесінде балалардың зияткерлік қабілеттерін танымдық әрекет барысында дамытуға және ғылыми-техникалық шығармашылыққа тартуға бағытталған
Әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне арналған.
ӘОЖ -
1-4 сынып оқушыларына бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Математика).
Жиынтық бағалауға арналған жинақта 1-4 сыныптың «Математика» пәніненбөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған критерийлері, дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсынылған, білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Жинақта бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жинақ бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау жинағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.









