-
Тарих және жаһандану: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер
Бағдарлама тарихи оқиғаларды және жаһандану үрдістерін зерттеуге бағытталған. Қазіргі заманғы әлемдегі тарихи процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның қатысушыларына жаһандану мен тарихтың өзара байланысын түсінуге арналған теориялық және практикалық білім береді. Курс соңында қатысушылар жаһандану мен тарихтың өзара байланысын толыққанды түсініп, әлемдік тарихтағы маңызды оқиғалар мен үрдістерді сараптай алады, заманауи жаһандық мәселелерді тарихи контексте талдай алады, тарихи әдістемелерді заманауи тұрғыда қолдануға дайын болады.
-
Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Бағдарлама PISA халықаралық зерттеуінің жаратылыстану сауаттылығы бағыты бойынша білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылды.
-
Сөйлеу мәнері
«Сөйлеу мәнері» элективті курс бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамытуға арналған. Бағдарлама оқушылардың сөйлеу мәнері мен сөйлесу мәдениетін, еркін жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
-
Ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдерін балабақшада жобалау технологиясы арқылы жүргізу
Авторлық бағдарлама балабақша тәрбиеленушілерінің жоғары деңгейдегі ұлттық сана-сезімін рухани мұралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қалыптастыруды көздейді.
-
Мәдени мұра
«Мәдени мұра» қолданбалы курсының бағдарламасы 10-сыныптағы Қазақстан тарихы оқулығының негізінде құрастырылған және оқушылардың тарих пәнінен білімін тереңдетіп зерделеуге арналған бағдарламалық материалды қамтиды. Курс мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы негізінде жасалған.
-
Химиядан эксперименттік есептерді шешу
Авторлық бағдарлама мектептегі химия курсында эксперименттік есептерді шешу арқылы химиялық ұғымдарды түсінуді тереңдету, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуды көздейді. Бағдарламаның мазмұны: Эксперименттік есептердің негізгі түрлері, оларды шешу әдістері және практикалық мысалдарды қамтиды.
-
«Маңғыстау əдіскері» республикалық ғылыми-əдістемелік жəне танымдық журналы
Мақалалар негізінен Мектепке дейін білім»,»Бастауыш білім»,«Білім берудегі жаңашылдық», «Ғылыми ізденіс», «Кәсіптік техникалық білім», «Жоғары білім», «Тәрбие беру мәселелері», «Ұстаздың іс-тәжірибесі» айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланады.
-
Python программалау тілінде тапсырмаларды орындау операторлары
Әдістемелік құрал «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша оқу бағдарламасының оқу тақырыптық жоспарына сай Python программалау тілін практикалық сабақта үйретуге негізделген және оқушылардың АКТ құзыреттілігін дамытуға практикалық бағдарламалары ұсынылған. Қосымша компьютерге орнатуға Python 3 программасы мен электронды оқулығы қарастырылған.









