-
Киім тарихы. Сән және стиль
Авторлық бағдарлама білім беру саласына интерьер дизайны мен киімнің көркемдік дизайнына арналған мазмұн модульдерін енгізу, сондай-ақ оқушылардың кәсіби қызметтің осы саласына деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Бұл курс 6-8 сыныптарда оқытылатын «Технология» білім беру саласының «Үйді басқару технологиялары» бөлімінде ұсынылған тұрғын үйдің интерьеріне қатысты тақырыптарды зерттеуді кеңейтеді. 7-сынып оқушыларына бейін алдындағы дайындық шеңберіне арналған.
-
Ойыншық жасау
Бұл бағдарламада қолдан сәндік ойыншықтар жасауда техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы сабақтар қарастырылған. Ойыншық жасау кезінде помпон жасау технологиясын қолдану мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар ойыншық жасағанда кейбір тігін элементтерін пайдалану туралы түсінік қалыптастыру көзделеді. Үй ойыншықтарын заманауи ойыншықтар түрлерінің жаңа тенденцияларын ескере отырып жасаудың әдіс-тәсілдері берілген.
-
Бисер моншақтары
Курс бағдарламасы оқушыларды өнердің бисер түрімен қызықтыру арқылы, күнделікті өмірде ұқыптылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелей отырып, олардың сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамын арттыруды көздейді. Бағдарламада халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығы, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорлары туралы ақпараттар жинақталған.
-
Көркем шығармаға талдау жасау
Әдістемелік құрал жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың өзекті бір проблемасы – көркем шығармаға талдау жасауға арналған. Мектеп бағдарламасы бойынша шығармадағы образдар жүйесіне талдау, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыда талдау, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру, көркемдік және тарихи құндылығын бағалау, сондай-ақ көркем әдебиет стилінің теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.
-
Мектепте орыс тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
Әдістемелік кұралда мектепте орыс тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері мен әдістемесі, морфематика мен сөзжасамды, лексика және фразеологияны; стилистика мен сөйлеу мәдениетін оқыту жолдары қарастырылған. Қосымша ретінде, қазақ сыныптарындағы 5-11 сынып орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектепішілік олимпиада кезінде қолдануға болатын тапсырмалар және мазмұндамалар үлгісі берілген.
-
Жазба жұмыстар жинағы (1-4 сынып)
Жинақта оқу мақсаттарына негізделген жазба жұмыстарының түрлері, жүргізуге қойылатын талаптары, сыныптар бойынша үлгілері берiлген. Сонымен қатар дәстүрлi диктант пен қазiргi өлшемдегi диктанттардың айырмашылығы туралы, жазба жұмыстарының көлемi мен бағалау нормалары көрсетiлген.
-
Адам экологиясы
Бағдарлама заманауи экологияның, медицинаның, биологияның прогрессивті ғылыми білімі мен жетістіктерін және адам экологиясы мәселелерін терең зерттеуді қамтиды. Элективті курстың негізгі идеясы: адам экологиясын адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым ретінде практикалық түсіну.
-
Геометриядан есептер шығару
Әдістемелік құралда геометриядан ІІ тоқсанға (8 сынып) жоспарланған есептер қамтылған. Дәлелдеуге және шығаруға берілген есептердің дәлелдеу және шығару әдістемесі кеңінен талданып келтірілді. Әр тақырып бойынша А, В, С деңгейінің есептері берілген. Соңында «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынастары» тақырыбына тест тапсырмалары берілген.
-
Математика пәнін оқыту әдістемесі
Әдicтeмeлiк құpaл екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде математиканы мектепте оқытудың мақсаттары мен мазмұны, математиканы оқыту әдістері берілген. Екінші бөлімде «Пaйыз» жәнe «Пик фopмулacы» тaқыpыптapы қарастырылған. Eкi тapaудa дa aлдымeн қыcқaшa тeopиялық мaтepиaлдap, epeжeлep мeн зaңдылықтap, тeopeмaлap мeн фopмулaлap кeлтipiлгeн. Coдaн кeйiн тaқыpып бoйыншa eceптepдi шeшу үлгiлepi кeлтipiлгeн.









