-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Жинақта педагогикалық тәжірибенің білім беруді дамытудағы инновациялық негіз ретіндегі рөлі қарастырылады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқыту әдістері мен технологияларын жаңарту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты педагогикалық тәжірибені жетілдіру, жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізудегі облыс педагогтерінің тәжірибелерімен бөлісуге негізделген мақалалар ұсынылып отыр.
Аталған жинақта инновациялық педагогикалық тәжірибенің негізгі аспектілері, оның білім беру үрдісіне ықпалы, сондай-ақ педагогтер өз тәжірибелеріндегі кәсіби құзыреттіліктерін мақала жазу арқылы ұсынады.
-
«Функционалдық сауаттылықты дамыту: SMART-мақсаттардан ЖИ технологияларға дейін» облыстық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция материалдарының жинағы
Жинақ жалпы білім беретін орта мектептердің басқарушыларына, пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерге қызығушылық танытатын барлық мамандарға арналған.
-
«ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ: SMART-МАҚСАТТАРДАН ЖИ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ДЕЙІН» облыстық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция материалдар ЖИНАҒЫ
Жинақ жалпы білім беретін орта мектептердің басқарушыларына, пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерге қызығушылық танытатын барлық мамандарға арналған.
-
-
-
-
Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект: даму мен прогресс формуласы
Жинақта білім беру жүйесін цифрландыру, жасанды интеллектті оқыту үдерісіне енгізу, үздіксіз білім беруді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері мен құралдары, халықаралық ынтымақтастық пен цифрлық интеграцияның болашағы секілді бағыттар қарастырылады. Жинақ педагогтерге, оқытушыларға, ғылым саласындағы қызметкерлерге, пән мұғалімдеріне, ЖОО студенттеріне арналған.
-
ҚҰСИЫН АЙТҚАЛИҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ, ЗАМАНАУИ БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы
Жинаққа Қ.Айтқалиұлының білім беру саласындағы жаңашыл көзқарастары, практикалық ұсыныстары мен педагогикалық ұстанымдары жинақталып, бүгінгі білім кеңістігіне қосқан үлесі көрсетілді. Қ.Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы, ұстаздық жолдағы өнегесі үлгі ретінде ұсынылып отыр. Еліміздің әр өңірінен қатысқан педагогтердің, білім беру саласының мамандары мен ғалымдарының мақалалары енгізілді.
Жинақ білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби дамуына және ғылыми-практикалық ой-пікірлерді насихаттауға бағытталған. Мұғалімдер мен білім саласы қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, білім алушыларға, жас зерттеушілер мен жалпы педагогикалық қауымға арналған.
Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-









