-
«ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ РӨЛІ: МҮМКІНДІКТЕРІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулар жинағы
Жинақта «Қазіргі қоғамдағы жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы»»тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінің материалдары басылған. Облыстық педагогикалық оқулардың материалдар жинағы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына, кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларына әдістемелік құрал ретінде ұсынылады. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
-
Көптілді білім беру жағдайында ана тілін оқытуды жетілдіру
Жинаққа конференцияға қатысушылардың ұлттық тілде оқытатын мектептерде ана тілін оқытуды жетілдіру, көптілді білім беру саласындағы озық идеяларды іске асыру жолдары, көп мәдениетті және көп тілді білім беру мәселелері қарастырылған ғылыми-әдістемелік баяндамалары, сөйлеген сөздері мен мақалалары енген. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар
Жинақ «Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру үшін талдау және бейімдеу: мәселелер мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың ғылыми мақалалары, баяндамалары, сөйлеген сөздері, шығармашылық жұмыстары мен іс-тәжірибелерін қамтиды.
Жинаққа енген материалдар авторлық редакцияда жарияланды.
-
Oқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістерін қолдану
Жинаққа «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, бастауыш, негізгі, жалпы орта және қосымша білім беру педагогтері іс-тәжірибелері енген. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
-
«Жаһандану жағдайында білім алушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу аспектілері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы
Жинақта ұлттық мәдениет, тіл, салт – дәстүр, рухани мұралар және олардың жаһандық ықпал аясында сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.Сонымен қатар, ұлттық тәрбие беру саласындағы жаңа әдістер мен тәжірибелерді бөлісу, білім беру мен қоғамдық санада ұлттық рухани құндылықтарды нығайту жолдарын іздестіру мақсаты көзделеді.








