-
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар
Авторлық бағдарлама негізінен жануарлар дүниесінің омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрылды. Бұл бағдарламада қарапайымдылар, ішекқуыстылар, тікентерілер, құрттар, буынаяқтылар, желілілер типтерінің құрлысы, шығу тегі адам баласына пайда-зияны жайлы терең білім беру, биологиялық білімді тереңдету арқылы оқушы білімділігін арттыру, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың даму тарихы, яғни эволюциясы жайлы білімді дамыту мәселелері қарастырылады.
-
Физикадағы математикалық әдістер
Курс физиканың төрт негізгі саласын қамтиды: жылу құбылыстары, сәйкес электрлік құбылыстар, электромагниттік құбылыстар және жарық құбылыстары. Физикалық теориялардың кейбір заңдылықтарын, идеяларын, фактілерін, ережелерін және әсіресе олардың қолданбалы мәнін тереңірек түсінуге назар аударылады.
-
Логикалық математика
Бағдарлама заттарды салыстыру, уақыт, күнтізбе, өлшем бірліктер, геометриялық фигуралар және жан-жануарлар жайында қызықты математикалық мәліметтер, логикалық есептер шығару арқылы білім алушылардың білімін кеңейтуді көздейді.
-
Эссе жазуға бейімдеу
Авторлық бағдарлама жоғары сынып оқушыларының жазылым дағдыларын қалыптастыру, жазылымның табиғатын түсініп жазу, түсінгенін сараптай алу, білімін таразылай алу дағдыларын дамытуды көздейді. Оқушыларды эссе жазудың талаптарымен және құрылымымен, эссе түрлері және жазу тәсілдерімен таныстырады.
-
Органикалық қосылыстардың генетикалық байланысы
Әдістемелік құралда Органикалық заттар және олардың жіктелуі, Органикалық реакциялардың түрлері, Органикалық қосылыстардың классификациясы, Органикалық қосылыстардың негізгі кластары, Алкандардың химиялық қасиеттері, Алкендердің химиялық қасиеттері, Алкиндердің химиялық қасиеттері, Алкадиендердің химиялық қасиеттері, Оттекті органикалық қосылыстар, Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері, Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері, Аминдердің химиялық қасиеттері, Көмірсулардың химиялық қасиеттері, Органикалық қосылыстардың әр түрлі кластарының арасындығы генетикалық байланыс және т.б. тақырыптар қарастырылған.
-
Қызықты химия тәжірибелері
Авторлық бағдарлама негізінен білім алушыларды зертханалық құрал-жабдықтармен және заттармен жұмыс істей білуге үйретуді, химия үйірмелерінде немесе химия кештерінде көрсетуге болатын тәжірибелерді орындауға, қарапайым эксперименттер мен зерттеулер жүргізуді үйретуді көздейді.
-
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бағдарлама тамақтану физиологиясы, адам өміріндегі дұрыс тамақтанудың маңызы, ашығудың жолдары, адам ағзасындағы зат және энергия алмасуы, рационалды тамақтану, тамақтанудағы дәрумендердің рөлі, дұрыс тамақтану негіздері, емдік-профилактикалық тамақтану және т.б. тақырыптарды қамтиды.
-
Аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жүргізетін педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу
Әдістемелік құралда аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыстың әдіс- тәсілдері, нейропсихологиялық зерттеу әдістері мен нейрокоррекциялық жаттығулар, АВА әдістемесі, аутизмі бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек беру жолдары мен әдістері қарастырылған. Берілген тапсырмалар кешені оны аутист балалармен түзету жұмыстарында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
-
«ZOOM платформасы» қашықтықтан оқыту жүйесі «Тьютор (мұғалім)», «Тыңдаушы (оқушы)»
Әдістемелік нұсқаулықта ZOOM платформасын қашықтықтан оқыту жүйесінде қолданушылардың негізгі атқаратын жұмысы көрсетілген. Нұсқаулық жеке компьютерлерде, ұялы телефондарда жүйеде жұмыс істеуді алғаш бастаушыларға арналған.









