-
-
-
Орта білім беру ұйымдарында сапаны басқарудың метакогнитивтік стратегиялары
Бұл әдістемелік құрал орта білім беру ұйымдарының басшылары, басшы
орынбасарлары және әдіскерлерге арналған.
Әдістемелік құралда орта білім беру ұйымдарында сапаны басқаруда
метакогнитивтік стратегияларды қолданудың тиімді амалдары сипатталады
және тәжірибелік тұрғыдан негізделеді.
Әдістемелік құрал орта білім беру ұйымдарының басшылары, басшы
орынбасарлары және әдіскерлердің басқарудағы метакогнитивтік амал
негіздерін жүйелі түсіну, тәжірибелік дағдыларын дамытуды қалыптастыруға
бағытталған -
Корганбаева А.К., Жарылғасынова А.Т. «Қазақ тілі пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралы. Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік құрал.- Ақтау, 2026.- 30 б.
Жинақтағы тапсырмалар білім алушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге, функционалдық сауаттылығын арттыруға және халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес құзыреттерін дамытуға бағытталған.
-
Тажибаев Б.Т. Дуйсенбаева С.А. Кубирбаева Ж.К. «Информатика пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жинағы»: Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік құрал.- Ақтау, 2026.- 54 б.
Бұл құрал жалпы білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне және 5–9 сынып оқушыларына арналған.
-
Оқушылардың биология пәнінен функционалдық және практикалық дағдыларын тапсырмалар арқылы жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулықта 8-сынып биология курсының негізгі бөлімдері бойынша оқушылардың теориялық білімін өмірмен байланыстыра отырып, функционалдық сауаттылығын, практикалық дағдыларын және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі ұсынылған. Нұсқаулықта тапсырмаларды құрастыру, оларды сабақ барысында қолдану және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша нақты әдістемелік ұсыныстар берілген.
-
Педагогтің кәсіби дамуын қолдаудың тиімді құралдары»
Әдістемелік құрал педагогтердің кәсіби дамуын қолдаудың тиімді құралдарын жүйелі түрде қарастырады. Құралда педагогтердің кәсіби дамуын ұйымдастыру мен қолдаудың қазіргі заманғы тәсілдері мен практикалық механизмдері ұсынылады.









