-
Мазасыз, агрессивті және өзін-өзі бағалауы төмен балаларға психологиялық көмек
Бұл әдістемелік құрал педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, тәрбиешілерге, сондай-ақ баланың эмоционалдық ортасының үйлесімді дамуына мүдделі ата-аналарға арналған.
-
Тарихи география
Бұл курс тарих пен география ғылымдарының тоғысында орналасқан пәнаралық сипатқа ие. Оқу бағдарламасы Қазақстанның және әлемнің тарихи-географиялық ерекшеліктерін кешенді қарастыруға бағытталған. Оқушылар тарихи оқиғаларды кеңістіктік тұрғыдан зерттей отырып, картографиялық материалдармен жұмыс істеу, тарихи құжаттар мен дереккөздерді талдау дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, курс оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, тарихи процестердің географиялық факторларға тәуелділігін түсінуге көмектеседі.
-
Қазақ халық ертегілері мен ауыз әдебиеті
Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларын қазақ халқының ауыз әдебиетімен тереңірек таныстыруға және ауыз әдебиеті үлгілері арқылы тілдік дағдыларын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада қазақ халық ертегілері, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар сияқты ауыз әдебиеті жанрлары жүйелі түрде ұсынылып, сабақтар интерактивті әдістермен өткізіледі және шығармашылық тапсырмалар беріледі. Оқушылардың ойлауын, қиялын және тіл байлығын дамытуға жағдай жасайтын бұл бағдарлама ұлттық құндылықтарды меңгеруге ықпал етеді.
-
Қазақ тілі: тереңдетілген оқу
Бағдарлама оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, грамматикалық білімдерін тереңдету және шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Бағдарлама мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу стандарттарына сәйкес, оқу барысында әдеби, публицистикалық және ақпараттық мәтіндермен жұмыс істеу, дебаттар мен пікірталастар ұйымдастыру, шығармашылық жұмыстар жазу, сондай-ақ сөйлеу мәдениетін жетілдіру жоспарланған.
-
Табиғат зоналары мен өсімдіктер дүниесі
Авторлық бағдарлама 8-сынып оқушыларына арналған және табиғат зоналары мен өсімдіктер дүниесін тереңірек оқытуға бағытталған. Бағдарлама оқушылардың табиғаттағы географиялық заңдылықтарды түсінуін, өсімдік жамылғысының алуан түрлілігін тануын және экологиялық сауаттылығын арттыруды мақсат етеді.
Оқу материалы табиғат зоналарының ерекшеліктерін, климаттық факторлар мен өсімдік түрлерінің таралу заңдылықтарын қамтиды. Бағдарлама оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
-
Экологиялық химия
Әдістемелік құрал экологиялық химияның негізгі аспектілерін қамтиды, оның ішінде қоршаған ортаның ластану себептері мен салдары, химиялық қалдықтарды қайта өңдеу әдістері және жасыл химия қағидалары қарастырылады. Әдістемелік құрал экологиялық тұрақты өндіріс пен табиғатты қорғау шараларын ғылыми негізде түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, қалдықсыз технологиялар, экологиялық таза материалдар және баламалы энергия көздері туралы маңызды мәліметтер беріледі.
-
Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру жолдары
Әдістемелік нұсқаулықта 1-4 сынып «Математика» оқулықтарындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша оқу тапсырмаларының және TIMSS халықаралық зерттеулері мен ББЖМ тапсырмаларының мазмұны талданып, білім алушылардың пән сабақтарында математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.
-
4-сыныпқа арналған қолданбалы математика бағдарламасы
Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында математика курсының тараулары бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Қолданбалы математика сабақтарында оқушылар стандартты емес есептердің әртүрлі түрлерімен, практикалық қолданбалы есептермен танысып, бастамашылдық, дербестік, сындарлы қабілеттер, тапқырлық– яғни олардың болашақ практикалық іс-әрекетінде қажет қасиеттерді дамытады.
-
«Ерітінділер және ерігіштік» Блум таксономиясы негізінде. 8-сынып.
Авторлық бағдарлама Блум таксономиясы негізінде әзірленген және оқушылардың химиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын кезең-кезеңімен қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама ерітінділер мен олардың қасиеттеріне қатысты ұғымдарды түсіну, қолдану және талдау арқылы танымдық белсенділік пен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.
Бағдарламада тәжірибелік және зерттеу тапсырмаларына ерекше назар аударылған. Бұл тапсырмалар оқушылардың эксперимент жүргізу, заттардың ерігіштігін анықтау, еріту процесіне әсер ететін факторларды талдау және бақылау нәтижесінде қорытынды жасау дағдыларын қалыптастырады. Бағдарлама оқушылардың ғылыми дүниетанымын, экологиялық санасын және химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.









