-
Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы технологиясының қолданылуы
Әдістемелік нұсқаулықта өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы элементтерінің педагогикалық жүйесінің тұжырымдамалық ережелері, мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік, танымдық, интеллектуалды, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ойын топтамалары жинақталған. Оқу қызметімен оқу қызметінен тыс уақыттарда қолданылатын әдіс-тәсілдер енгізілген.
-
Мектепке дейінгі ұйым қызметіндегі квалиметриялық амал тəсілдері əдістемелік нұсқаулық
Бұл əдістемелік құралда квалиметрия негізінде оқу-тəрбие үдерісінің кешенді бағасапасы аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кəсіби құзыреттіліктерін дамытуда, квалиметрия негізінде оқу-тəрбие үдерісінің баға сапасының əдістемелік талдауда, қолдану дағдыларын қалыптастыру жəне қызмет сапасына жүйелілік талдау жүргізуде көп көмегін тигізеді.
-
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Асық терапиясы» дидактикалық ойыны
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Асық терапиясы» дидактикалық ойыны тақырыбындағы әдістемелік құрал балалардың қимыл-қозғалысынреттеуге, дене күштерін жетілдіруге, ұсақ қол моторикасын дамытып, дене сымбатын қалыптастыруға, сөзқорларынбайытып, есептеп үйренугебағытталған әртүрлі білім салалары үшін қосымша дидактикалық ойындардан құралған.
-
Сборник заданий по биологии для развития речевой деятельности учащихся на английском языке
Биология пәні бойынша тапсырмалар жинағына пәндік мазмұнды меңгертуге, сонымен қатар тілдік әрекеттер мен ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар енгізілді.
Целевая аудитория сборника – учителя биологии, преподающие предмет на английском языке.
-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында М.Монтессори әдістемесін қолдану
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарытәрбиешілеріне арналған әдістемелікнұсқаулықта М.Монтессоритеориялық, педагогикалық жүйесінің тұжырымдамалық ережелері, пәндік-дамыту ортасын құру бойынша нұсқаулықтар, Монтессори-педагогына қойылатын талаптар енгізілген. Әдістемелік нұсқаулық тәрбиешілерге жаттығулар топтамасы ретінде ұсынылған.
-
-
Step by Step технологиясы әдістемелік негізін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда пайдалану
Әдістемелік нұсқаулықта «Step by Step» технологиясын іске асыру, белсенділік орталықтары арқылы балалардың өз бетінше дамуы және өзіндік әлеу етін жетілдіруді жүзеге асыруға отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынастың жолдары қамтылған. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, тәрбиеші педагогтарға арналған.
-
Мен өз өлкемді зерттеймін
Бұл жинақ жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы, төл тарихымызға оң көзқарас, ұлт тарихын оқыту, насихаттау арқылы оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіруді көздейді. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдердідамытуға бағытталған. Байқау жинағын жоғары оқу орны,кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері, орта білім беру ұйымдары, оқытушыларына қолдануға болады. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Әдістемелік құралда оқыту мен оқуда және кері байланыс жасау кезінде қолдануға болатын белсенді әдіс-тәсілдер мен қысқа мерзім жоспар, ата-анамен жұмыс түрлерінің үлгілері берілген. Жоспарлау барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдана отыра, оқушылардың бойында өмірге қажетті дағдыларды қолдануға болады. Әдістемелік құрал білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің тыңдаушыларының тәжірибесін тиімді қолдауға арналған.









