-
Қазақ халық ертегілері мен ауыз әдебиеті
Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларын қазақ халқының ауыз әдебиетімен тереңірек таныстыруға және ауыз әдебиеті үлгілері арқылы тілдік дағдыларын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада қазақ халық ертегілері, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар сияқты ауыз әдебиеті жанрлары жүйелі түрде ұсынылып, сабақтар интерактивті әдістермен өткізіледі және шығармашылық тапсырмалар беріледі. Оқушылардың ойлауын, қиялын және тіл байлығын дамытуға жағдай жасайтын бұл бағдарлама ұлттық құндылықтарды меңгеруге ықпал етеді.
-
Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру жолдары
Әдістемелік нұсқаулықта 1-4 сынып «Математика» оқулықтарындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша оқу тапсырмаларының және TIMSS халықаралық зерттеулері мен ББЖМ тапсырмаларының мазмұны талданып, білім алушылардың пән сабақтарында математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.
-
4-сыныпқа арналған қолданбалы математика бағдарламасы
Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында математика курсының тараулары бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Қолданбалы математика сабақтарында оқушылар стандартты емес есептердің әртүрлі түрлерімен, практикалық қолданбалы есептермен танысып, бастамашылдық, дербестік, сындарлы қабілеттер, тапқырлық– яғни олардың болашақ практикалық іс-әрекетінде қажет қасиеттерді дамытады.
-
Математика ойын түрінде
Авторлық бағдарлама оқушыларды математикадан жан-жақты және терең ақпаратпен қамтамасыз етеді және стандартты емес тапсырмалардың әртүрлі түрлерімен және шығармашылық тапсырмалармен таныстырады. Курс негізгі математикалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ математиканы оқу кезінде материалды сәтті меңгеруге және оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал ететін жағымды эмоционалды фон жасауға бағытталған.
-
Сөйлеу мәнері
«Сөйлеу мәнері» элективті курс бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамытуға арналған. Бағдарлама оқушылардың сөйлеу мәнері мен сөйлесу мәдениетін, еркін жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
-
Қоршаған орта
Бағдарламада оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді. Бағдарлама оқушыларға қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру, қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру, алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамытуға бағытталған.
-
Логикалық математика
Бағдарлама заттарды салыстыру, уақыт, күнтізбе, өлшем бірліктер, геометриялық фигуралар және жан-жануарлар жайында қызықты математикалық мәліметтер, логикалық есептер шығару арқылы білім алушылардың білімін кеңейтуді көздейді.









