-
Аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жүргізетін педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу
Әдістемелік құралда аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыстың әдіс- тәсілдері, нейропсихологиялық зерттеу әдістері мен нейрокоррекциялық жаттығулар, АВА әдістемесі, аутизмі бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек беру жолдары мен әдістері қарастырылған. Берілген тапсырмалар кешені оны аутист балалармен түзету жұмыстарында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
-
Қазақ тілі сабағында мәтін түрлерімен жұмыс жасау әдістері. Тавтология
Әдістемелік құралда жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда мәтін түрлеріне талдау жасауда мұғалім тәжірибесінде кездесетін қиындықтардан шығу жолдары ұсынылған. Осыған сәйкес, оқыту мақсаттарына қол жеткізуде қазақ тілі пәні бойынша мәтін түрлеріне (баяндау, сипаттау, пайымдау) талдау жасау жасау үлгілері берілген.
-
Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Əдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен тиімді əдіс-тəсілдері қарастырылған.
-
Қызықты математика
Үйірме сабақтарының мазмұны элементарлық математика әлеміне кіріспе, сондай-ақ базалық пән– математиканың ең өзекті мәселелерінің кеңейтілген нұсқасы болып табылады. Математикалық үйірме сабақтары балаларда математикалық ойлаудың дамуына, математикалық терминологияны дұрыс қолдануға т.б. ықпал етеді.
-
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тіліндегі сөйлеу қателіктерін жою
Әдістемелік құралда бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілінің бұзылу ерекшеліктері және сөз қателіктерінің түрлері қарастырылады: айтылым, фразеологиялық, морфологиялық, орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық. Сондай-ақ, орыс тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі қателіктерін жою бойынша түзету жұмыстары қамтылған.
-
Жазба жұмыстар жинағы (1-4 сынып)
Жинақта оқу мақсаттарына негізделген жазба жұмыстарының түрлері, жүргізуге қойылатын талаптары, сыныптар бойынша үлгілері берiлген. Сонымен қатар дәстүрлi диктант пен қазiргi өлшемдегi диктанттардың айырмашылығы туралы, жазба жұмыстарының көлемi мен бағалау нормалары көрсетiлген.
-
Мәтінді есептерді шығару жолдары
Әдістемелік құралда есептерді шешудің жалпы әдістері, мектеп математикасындағы мәтінді есептерді шешу тәсілдері мен жолдары қарастырылған.
-
Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары қарастырылған.
-









