-
Цифрлық лабораторияны биология сабағында қолданудың әдістемесі
Бұл әдістемелік құралдазертханалық жұмыстарда PASCO цифрлық лабораториясы өлшеуіш жүйесінпайдаланып ақпаратты жинау және өңдеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді цифрлық датчиктер негізінде үйретужолдары баяндалады. Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің биология пәні мұғалімдеріне арналған.
-
Табиғат және сиқырлы бояулар
Ұсынылып отырған «Табиғат және сиқырлы бояулар» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулықта бейнелеу өнері оқу саласының экологиялық тәрбие жұмысы бағытында алуан түрлі ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарлары берілген, сурет салу және аппликациялаудың дәстүрден тыс әдістерінің тиімді жолдары көрсетілген. Бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды қолдану арқылы кіріктірілген білім беру саласының бірнеше жолдары қарастырылған.
-
Қазақстан республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының эсселер топтамасы
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сыныптарда өткен курстар бойынша мұғалімнің өзіндік ой толғанысы, жаңартылған білім беруге көзқарасы,курстан кейінгі ойы, пікіріқамтылған.Курс тыңдаушыларының өз әрекетініске асуынсанамен байланысты курстан кейінгі ойға қатысты нақты, жинақы мазмұндалған. Осы бағытта дайындалған жинақ қазіргі оқыту бойынша болашақта эссе жазуға тиімді, үлгі ретінде пайдалануға ұсынылады.
-
Жас ұрпақты толеранттылық пен рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының мүмкіндіктері
Жас ұрпақты толеранттылық пен рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының мүмкіндіктері: әдістемелік нұсқаулық /құраст. А.М.Естемирова, Г.Е.Қуанышбек, И.Ә.Ибрагим. – Шымкент, 2018. – 96 б.
ISBN 978-9965-597-67-1
-
«Робот техникасы негіздері» бойынша тәжірибелік жұмыстар
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда жалпы білім беретін мектептерде «робот техникасынегіздері»бойынша 7-11 сынып оқушыларына арналған тәжірибелік жұмыстарының жиынтығы енгізілген. Әдістемелік құрал білім алушыларға қол жетімді қарапайым жобаларды жасаудан басталады және роботты құрылысты болашақта кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік құрал кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары оқытушыларына, жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға, студенттерге арналған көмекші құрал ретінде ұсынылады
-
Латын әліпбиі – ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі
Латын әліпбиі – ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі: әдістемелік құрал /құраст.: М.А.Медетбекова. – Шымкент: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ. – 2018. – 74 б.
ISBN 978-9965-32-596-0
-
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалары
Бұл әдістемелік құрал PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бағытыбойынша білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылды. Әдістемелік құралқазақ тілі және әдебиеті білім салалары пәндерінің мұғалімдеріне арналады.
-
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері
Бұл әдістемелік құрал мәтінмен жұмыс жасауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданаотырып, білім алушылардың мәтінді оқу және түсінудегі функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрастырылды. Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті білім салалары пәндерінің мұғалімдеріне арналады.
-
Музыка пəнінен жаңа бағыттар бойынша сабақ беру тəсілдері
Бұл əдістемелік құралда Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пəні бойынша білім беретін педагогтарға арналған бағдарламасын басшылыққа алып оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары, оқу жоспарлары, тиімді оқыту жəне оқу, белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, оқушыларды уəждеу тəсілдері көрсетілген. Музыка сабағында критериалды бағалауды қолдану, оқушыларды бағалауда қолданылатын əдіс-тəсілдер, оқытуды саралау, жаттығу жұмыстары, ықшам сабақтар берілген.








