-
Химиядан эксперименттік есептерді шешу
Авторлық бағдарлама мектептегі химия курсында эксперименттік есептерді шешу арқылы химиялық ұғымдарды түсінуді тереңдету, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуды көздейді. Бағдарламаның мазмұны: Эксперименттік есептердің негізгі түрлері, оларды шешу әдістері және практикалық мысалдарды қамтиды.
-
Python программалау тілінде тапсырмаларды орындау операторлары
Әдістемелік құрал «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша оқу бағдарламасының оқу тақырыптық жоспарына сай Python программалау тілін практикалық сабақта үйретуге негізделген және оқушылардың АКТ құзыреттілігін дамытуға практикалық бағдарламалары ұсынылған. Қосымша компьютерге орнатуға Python 3 программасы мен электронды оқулығы қарастырылған.
-
Python бағдарламалау тілі
Python бағдарламалау тілі – құрылымдық бағдарламалау ұғымдары (мәліметтер, операциялар, айнымалылар, тармақталу, циклдер мен функциялар, модульдер мен әдістер, массивтер, файлдар) туралы түсінік беретін терең бағдарламалау курсы. Бағдарлама оқушылардың логикалық және кеңістіктік ойлауын дамытуға бағытталған, тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға, компьютерлік технологиялар саласында практикалық дағдыларды игеруге ықпал етеді, оқушының интеллектуалды дамуына үлес қосады.
-
Информатика
«Информатика» пәнінен авторлық бағдарлама орта мектептің информатика курсының бөлімдері бойынша білім алушылардың білімін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама мектеп бағдарламасының шеңберінен шығатын стандартты емес тапсырмаларды да қамтиды (стандартты емес теңдеулерді шешу, т.б.). Бағдарлама 10-сынып оқушыларына арналған және оқушылардың күрделі тақырыптарға дайындығын арттыруды көздейді.
-
XVIII, XIX және ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның мәдени-саяси тарихы
«XVIII, XIX және ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның мәдени-саяси тарихы» авторлық бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі Қазақстан тарихы курсының бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама жоғары оқу орындарының материалдары мен қосымша оқу әдебиеттері негізінде Қазақстан тарихын жүйелі тереңдете зерделеуді қарастырады. 8-сыныпқа арналған Қазақстан тарихының негізгі курсын толық меңгеру үшін материалдар әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдарынан жинақталған.
-
Forming effective communcation skills in secondary school learners
Бағдарлама ағылшын тілін үйренуде айтылым дағдысын дамыту жолдарын қарастырады. Айтылым дағдысы ағылшын тілін үйренуде басты төрт дағдының бірі болғанымен, үйренушілер арасында сөйлеуге келгенде қиындықтар туындайды. Авторлық бағдарлама айтылым дағдысын дамыту жолында кездесетін кедергілер мен қиындықтарды атап көрсетіп, олармен жұмыс жасау жолдарын анықтайды және белсенді коммуникация жасау үрдісіне тоқталады.
-
XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер
Авторлық бағдарлама XVIII- XX ғасырлардағы ұлт- азаттық көтерілістер, олардың басталу себебі, барысы туралы және көрнекті тұлғалар жайында толық деректер беруді көздейді. Бағдарламада заман талабына сай бірқатар өзгерістер мен саяси- әлеуметтік мәселелердің мәні көтерілістердің ерекшеліктерімен сәйкестендіріледі.
-
Химия және кулинария
«Химия және кулинария» элективті курсында оқушылардың органикалық қосылыстардың негізгі кластары: органикалық қышқылдар, альдегидтер, көмірсулар, белоктар, амин қышқылдары туралы білімдері жаңартылады. Курс барысында оқушылар сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері, нан өнімдері, көкөністер, жемістер мен жидектердің химиялық құрамымен және жоғарыда аталған өнімдерді аспаздық өңдеу кезінде болатын химиялық процестермен танысады. Мектеп оқушыларының химиялық ыдыстар мен реактивтерді пайдалану білігі мен дағдылары жетілдіріледі. Курс барысында оқушыларда химияның адам өміріндегі практикалық маңызы туралы түсінік қалыптасады.
-
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар
Авторлық бағдарлама негізінен жануарлар дүниесінің омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрылды. Бұл бағдарламада қарапайымдылар, ішекқуыстылар, тікентерілер, құрттар, буынаяқтылар, желілілер типтерінің құрлысы, шығу тегі адам баласына пайда-зияны жайлы терең білім беру, биологиялық білімді тереңдету арқылы оқушы білімділігін арттыру, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың даму тарихы, яғни эволюциясы жайлы білімді дамыту мәселелері қарастырылады.









