-
Ойыншық жасау
Бұл бағдарламада қолдан сәндік ойыншықтар жасауда техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы сабақтар қарастырылған. Ойыншық жасау кезінде помпон жасау технологиясын қолдану мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар ойыншық жасағанда кейбір тігін элементтерін пайдалану туралы түсінік қалыптастыру көзделеді. Үй ойыншықтарын заманауи ойыншықтар түрлерінің жаңа тенденцияларын ескере отырып жасаудың әдіс-тәсілдері берілген.
-
Бисер моншақтары
Курс бағдарламасы оқушыларды өнердің бисер түрімен қызықтыру арқылы, күнделікті өмірде ұқыптылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелей отырып, олардың сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамын арттыруды көздейді. Бағдарламада халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығы, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорлары туралы ақпараттар жинақталған.
-
Көркем шығармаға талдау жасау
Әдістемелік құрал жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың өзекті бір проблемасы – көркем шығармаға талдау жасауға арналған. Мектеп бағдарламасы бойынша шығармадағы образдар жүйесіне талдау, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыда талдау, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру, көркемдік және тарихи құндылығын бағалау, сондай-ақ көркем әдебиет стилінің теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.
-
Мектепте орыс тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
Әдістемелік кұралда мектепте орыс тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері мен әдістемесі, морфематика мен сөзжасамды, лексика және фразеологияны; стилистика мен сөйлеу мәдениетін оқыту жолдары қарастырылған. Қосымша ретінде, қазақ сыныптарындағы 5-11 сынып орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектепішілік олимпиада кезінде қолдануға болатын тапсырмалар және мазмұндамалар үлгісі берілген.
-
Орта мектепте инновациялық технологияларға оқыту: оны орыс тілі сабағында қолданудың тиімділігі
Әдістемелік құралда заманауи инновациялық білім беру технологияларын қолдану арқылы жоғары сапалы заманауи білімге қол жеткізудің объективті қажеттілігі мен шарты қарастырылған. Әдістемелік құрал келесі тақырыптарды қамтиды: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ-ны қолдану, инфографика- оқушылардың жазбаша құзыреттілігін белсендіру құралы, сонымен қатар заманауи білім беру технологиялары.
-
Химиядан есептер шығару
Бағдарлама орта мектептегі химия курсының (термодинамикаға кіріспе, кинетика, химиялық тепе-теңдік) бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама мектеп бағдарламасының шеңберінен тыс стандартты емес тапсырмаларды да қамтиды (стандартты емес теңдеулерді шешу, т.б.). Бұл материалды білу және оны іс жүзінде қолдана білу мектеп оқушыларына әртүрлі күрделіліктегі түрлі есептерді шешуге және емтиханды сәтті тапсыруға мүмкіндік береді.
-
Математиканың таңдамалы мәселелері
Авторлық бағдарлама негізгі мектеп математика курсының әртүрлі бөлімдері бойынша (арифметика, алгебра, статистика және ықтималдықтар теориясы, геометрия) оқушылардың білімін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама мектеп бағдарламасынан тыс стандартты емес тапсырмаларды да қарастырады. Бұл материалдарды білу және оны іс жүзінде қолдана білу мектеп оқушыларына күрделілігі әртүрлі есептерді шешуге және емтиханды сәтті тапсыруға мүмкіндік береді.
-
Адам экологиясы
Бағдарлама заманауи экологияның, медицинаның, биологияның прогрессивті ғылыми білімі мен жетістіктерін және адам экологиясы мәселелерін терең зерттеуді қамтиды. Элективті курстың негізгі идеясы: адам экологиясын адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым ретінде практикалық түсіну.
-
Геометриядан есептер шығару
Әдістемелік құралда геометриядан ІІ тоқсанға (8 сынып) жоспарланған есептер қамтылған. Дәлелдеуге және шығаруға берілген есептердің дәлелдеу және шығару әдістемесі кеңінен талданып келтірілді. Әр тақырып бойынша А, В, С деңгейінің есептері берілген. Соңында «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынастары» тақырыбына тест тапсырмалары берілген.









