-
Балабақшада ойын арқылы оқу
Оқу әдістемелік құралда мектепалды даярлық тобы мұғалімдеріне сабақта пайдалануға мүмкіндік беретін оқытудың әдіс-тәсілдері мен стратегиялары, ойнатылатын ойын түрлері қамтылған және тіл дамыту, математика, көркем әдебиет сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы білім алушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
-
Химиядан есеп шығарып үйренейік
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған «Химия» оқулығында келтірілген сандық есептердің қысқаша шешулері келтірілген.
Қосымшада есептерді шығарғанда пайдаланылатын физикалық шамалар, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың суда ерігіштігі, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың салыстырмалы молекулалық массаларының мәндері, химиялық есептерді шығаруға қажетті формулалар кестелер түрінде келтірілген.
-
Қазақ тілі сабағында мәтін түрлерімен жұмыс жасау әдістері. Тавтология
Әдістемелік құралда жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда мәтін түрлеріне талдау жасауда мұғалім тәжірибесінде кездесетін қиындықтардан шығу жолдары ұсынылған. Осыған сәйкес, оқыту мақсаттарына қол жеткізуде қазақ тілі пәні бойынша мәтін түрлеріне (баяндау, сипаттау, пайымдау) талдау жасау жасау үлгілері берілген.
-
Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Əдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен тиімді əдіс-тəсілдері қарастырылған.
-
Киім тарихы. Сән және стиль
Авторлық бағдарлама білім беру саласына интерьер дизайны мен киімнің көркемдік дизайнына арналған мазмұн модульдерін енгізу, сондай-ақ оқушылардың кәсіби қызметтің осы саласына деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Бұл курс 6-8 сыныптарда оқытылатын «Технология» білім беру саласының «Үйді басқару технологиялары» бөлімінде ұсынылған тұрғын үйдің интерьеріне қатысты тақырыптарды зерттеуді кеңейтеді. 7-сынып оқушыларына бейін алдындағы дайындық шеңберіне арналған.
-
Ойыншық жасау
Бұл бағдарламада қолдан сәндік ойыншықтар жасауда техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы сабақтар қарастырылған. Ойыншық жасау кезінде помпон жасау технологиясын қолдану мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар ойыншық жасағанда кейбір тігін элементтерін пайдалану туралы түсінік қалыптастыру көзделеді. Үй ойыншықтарын заманауи ойыншықтар түрлерінің жаңа тенденцияларын ескере отырып жасаудың әдіс-тәсілдері берілген.
-
Бисер моншақтары
Курс бағдарламасы оқушыларды өнердің бисер түрімен қызықтыру арқылы, күнделікті өмірде ұқыптылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелей отырып, олардың сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамын арттыруды көздейді. Бағдарламада халқымыздың қолөнер мәдениеті мен тіл мәдениеті байлығы, этнографиялық қазыналарымыздың дәстүрлі қорлары туралы ақпараттар жинақталған.
-
Көркем шығармаға талдау жасау
Әдістемелік құрал жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың өзекті бір проблемасы – көркем шығармаға талдау жасауға арналған. Мектеп бағдарламасы бойынша шығармадағы образдар жүйесіне талдау, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыда талдау, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру, көркемдік және тарихи құндылығын бағалау, сондай-ақ көркем әдебиет стилінің теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды.
-
Мектепте орыс тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
Әдістемелік кұралда мектепте орыс тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері мен әдістемесі, морфематика мен сөзжасамды, лексика және фразеологияны; стилистика мен сөйлеу мәдениетін оқыту жолдары қарастырылған. Қосымша ретінде, қазақ сыныптарындағы 5-11 сынып орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектепішілік олимпиада кезінде қолдануға болатын тапсырмалар және мазмұндамалар үлгісі берілген.









