-
«Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық бағыттағы тәрбиелеу және оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру»
Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны мектепке дейінгі мекемелерде халықтық педагогиканы, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесіне арналған. Әдістемелік нұсқаулықта білімдік, танымдық, дамытушылық, рухани тәрбиелік мәні бар ойындар топтамасы берілген. Әдістемелік жинақ мектепке дейінгі ұйымдардың білім үдерісінде қолдану үшін ұсынылады.
-
«Оқыту тәсілдерін қашықтан оқу жағдайына бейімдеу» Әдіст. жинақ. / Құраст. Мулдағалиева Р. Орал, 2021. — 48 б.
Әдістемелік жинаққа қашықтан оқу жағдайында оқу процесін ұйымдастыру және қазақ тілі сабақтарында жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде белсенді оқытуды қалыптастыратын қашықтық құралдарын қолдану туралы нұсқаулар енгізілді. Әдістемелік жинақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ұсынылады.
-
-
Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Әдістемелік құрал оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.
-
Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру
Әдістемелік ұсыныс ел экономикасы үшін қажетті техникалық және технологиялық мамандықтардың басымдылығын ескере отырып, лицейлерде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған теориялық және практикалық материалдар қарастырылған. Әдістемелік ұсыныс білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарларына, кәсіптік бағдар берушілерге, сынып жетекшілеріне және т. б. арналған.
-
Бастауыш мектеп оқушыларына арналған тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
Әдістемелік нұсқаулық жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас ұстаздарға және студенттерге арналған.
-
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жоспарлау.
Әдістемелік нұсқаулықта ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің кәсіби құзыретін дамытудың теориялық-тәжірибелік аспектілері қарастырылған. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі талданды.
Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдеріне арналған. -
Оқытуда саралау тәсілін қолдану: Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулықта 5-6 сыныптарда Қазақ тілі мен Қазақ әдебиеті пәндерін оқыту үдерісінде қолдануға болатын саралаудың әдістері мен тәсілдері ұсынылған. Оқыту барысында саралау әдістері мен тәсілдерін қолдана отыра, оқушылардың әр түрлі ерекшеліктерін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын тапсырмалар қарастырылған.









