-
Қазақ әдебиеті сабағында жасанды интеллект көмегімен білім алушылардың шығармашылығын дамыту
Әдістемелік құралда қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары, білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен практикалық тапсырмалар жүйесі қамтылған. Сонымен қатар жасанды интеллектті қолданудың педагогикалық, әдістемелік және этикалық қырлары талданып, сабақ жоспарының үлгілері мен нақты тәжірибелік мысалдар берілген.
-
Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
Әдістемелік ұсынымдарда инклюзивті білім берудің теориялық- әдіснамалық негіздері, нормативтік-құқықтық аспектілері, мектепте инклюзивті ортаны қалыптастыру, инклюзивтік мәдениетті дамыту, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық қолдау көрсету жолдары қамтылған. Сондай-ақ, ата-аналармен серіктестік орнату және оларды инклюзивті білім беру процесіне тарту бағыттары ұсынылған.
-
PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулықта PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бағытына сәйкес әзірленген тапсырмалар топтастырылған. Материалдар PISA форматындағы тест үлгілеріне негізделіп құрастырылып, оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Нұсқаулық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.
-
Көркем жазу
Бағдарлама оқушылардың жазу дағдыларын дамыту, көркем жазу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауын ынталандыру және жазбаша сауаттылығын арттыруды көздейді. Бағдарламада каллиграфиялық дағдыларға үлкен көңіл бөлінген. Оқушыларды тек сауатты жазуға ғана емес, сонымен қатар әдемі, көркем жазуға үйрету мақсатында түрлі жаттығулар мен арнайы каллиграфиялық тапсырмалар ұсынылған.
-
Үш өлшемді кеңістіктегі геометрия: стереометрияның негізгі мәселелері
Авторлық бағдарлама стереометрияның негізгі мәселелерін оқушыларға түсіндіру мен оларды практикалық тұрғыда қолдануға арналған. Бағдарлама стереометрияны тек мектептегі/колледждегі оқыту процесі ретінде ғана емес, сонымен бірге оны нақты өмірде қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталған. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигураларды түсініп, оларды шешуде қажетті дағдыларды игереді, бұл олардың математикаға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
-
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ (5-9-сыныптарға арналған көмекші құрал)
Бұл көмекші оқу құралында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі тақырыпта мәтіндер мен тапсырмалар берілген. Тапсырмалар оқушыларды оқылым мәтіндерінің мазмұнын терең түсінуге, есте сақтау, ойлау формаларын қалыптастыруға, оқылым дағдысын жетілдіруге, өз тұжырымын жасай білуге бағыттайды. Көмекші оқу құралы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, мәтінмен жұмыс жасаудың методологиясын терең меңгеруге және оқылым дағдысын дамытуға көмегін тигізеді. Көмекші оқу құралы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне және 5-9-сынып оқушыларына ұсынылады.
-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың тілдік ортасын қалыптастыру. Әдістемелік ұсыным. 2025 ж.
Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі ұйымда тілдік ортаны қалыптастыру, ерте жастан тілдік ортаға ену мәселесін зерттеу мақсатында әдебиеттерге жалпы шолу ұсынылады. Ұсынылған тақырыптағы тәжірибелерге зерттеу және талдау жүргізудің маңызды екенін және мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаны қалыптастыру бойынша отандық тәжірибелерді дамыту қажеттілігін көрсетеді.
-
-









