-
Improving reading comprehension among students at different learning l
Бұл авторлық бағдарлама ағылшын тілін оқып-үйрену кезінде әртүрлі тілдік деңгейдегі оқушылардың оқу дағдыларын дамыту жолдарын қарастырады. Оқу дағдысы ағылшын тілін үйренудегі төрт негізгі дағдының бірі болып табылады. Оқу дағдысын жетілдіру оқушылардың мәтінді түсініп қана қоймай, оны талдауға, автордың ойын сыни тұрғыдан қабылдауға, өз ойын академиялық тілде еркін жеткізуге көмектеседі, сөздік қорын байытады, оқу дағдысы арқылы тіл байлығын дамытады. Авторлық бағдарлама оқу дағдысын дамытуда туындайтын кедергілер мен қиындықтарды, оларды жеңу жолдарын анықтайды және белсенді стратегияларға назар аударады.
-
The cognitive and linguistic development of writing: from early literacy to advanced composition
Авторлық бағдарлама ағылшын тілін үйренуде түрлі тілдік деңгейдегі үйренушілер арасында жазылым дағдысын дамыту жолдарын қарастырады. Негізгі мақсат – оқушылардың ойды жазбаша жеткізу, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бағдарлама когнитивтік, лингвистикалық және әдістемелік негіздерге сүйенеді. Авторлық бағдарлама жазылым дағдысын бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі деңгейлеп дамыту жолдарын көрсетеді.
-
Үй жағдайында балық асырау
Авторлық бағдарлама оқушылардың биология, экология және табиғаттану саласындағы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Бағдарламада үй жағдайында балық асыраудың экологиялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Оқушылар су экожүйесінің ерекшеліктері, балықтардың түрлері, олардың тіршілік ортасы туралы толық түсінік алады және балық аулау тәсілдерін меңгереді.
-
Микробиология және биотехнология
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың микробиология және биотехнология саласындағы білімдерін тереңдету және олардың практикалық дағдыларын дамыту, осы ғылымдардың тұрмыстық, өнеркәсіптік маңызын түсіндіру. Бағдарлама оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге, ғылыми жобалар орындауға және биологияны өмірмен байланыстыруға бағытталған. Курс барысында оқушылар пробиотиктер, ашыту процестері, антибиотиктер және биотехнологияның медицина, экология және тамақ өнеркәсібіндегі маңызын зерттейді.
-
Органикалық және бейорганикалық қосылыстар
Бағдарлама оқушылардың химиялық білімін тереңдетуге және заттардың құрылымы мен қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрамы, химиялық байланыстары, қасиеттері мен қолданылу аясы қарастырылады.
Курс барысында оқушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы химиялық реакцияларды бақылап, талдау жүргізуді үйренеді. Бағдарлама оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, сыни ойлау қабілетін арттыруға және химияның өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.
-
Химиялық реакциялар типтері
Бағдарлама оқушыларды химиялық реакциялардың әртүрлі типтерімен таныстырып, олардың теңдеулерін жазу, сипаттамаларын білу, химиялық реакциялардың өту шарттары мен механизмдерін түсіндіру және әртүрлі химиялық реакциялар типтерін жүйелі түрде зерттеуге бағытталған. Әрбір тақырыптың соңында оқушылардың білімдерін тексеруге арналған тапсырмалар мен бақылау жұмыстары берілген.
-
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін қалыптастыру: ойыннан түсінуге дейін
Бұл құрал педагог-психологтерге, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы, сондай-ақ цифрлық сауаттылық бойынша жұмыс істейтін педагог мамандарға арналған.
-
Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Тапсырмалар жинағы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында әзірленген. Жинақ – біліктілікті арттыру курстары аясында педагогтердің бірлескен кәсіби іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Ол оқу үдерісіне оңтайлы енгізуге болатын, тәжірибеге бағытталған және пәндік мазмұнмен ұштастырылған тапсырмаларды қамтиды. Жинақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және білім алушылардың функционалдық білімін дамытуға бағытталған.









