-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың тілдік ортасын қалыптастыру. Әдістемелік ұсыным. 2025 ж.
Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі ұйымда тілдік ортаны қалыптастыру, ерте жастан тілдік ортаға ену мәселесін зерттеу мақсатында әдебиеттерге жалпы шолу ұсынылады. Ұсынылған тақырыптағы тәжірибелерге зерттеу және талдау жүргізудің маңызды екенін және мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаны қалыптастыру бойынша отандық тәжірибелерді дамыту қажеттілігін көрсетеді.
-
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін қалыптастыру: ойыннан түсінуге дейін
Бұл құрал педагог-психологтерге, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы, сондай-ақ цифрлық сауаттылық бойынша жұмыс істейтін педагог мамандарға арналған.
-
-
Ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдерін балабақшада жобалау технологиясы арқылы жүргізу
Авторлық бағдарлама балабақша тәрбиеленушілерінің жоғары деңгейдегі ұлттық сана-сезімін рухани мұралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қалыптастыруды көздейді.
-
ECERS-R шкалалары — мектепке дейінгі ұйымның пәндік кеңістік даму ортасының сапасын бағалау құралы ретінде
Нұсқаулықта білім беру саласындағы сапа және ECERS-R шкалалары ұғымына түсініктеме берілген, және талаптары мен үлгілері көрсетілген.
-
Балабақшада ойын арқылы оқу
Оқу әдістемелік құралда мектепалды даярлық тобы мұғалімдеріне сабақта пайдалануға мүмкіндік беретін оқытудың әдіс-тәсілдері мен стратегиялары, ойнатылатын ойын түрлері қамтылған және тіл дамыту, математика, көркем әдебиет сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы білім алушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
-
Балалардың сөйлеу тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану
Әдістемелік нұсқаулық мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу және есте сақтаудың барлық түрлерін дамытуға арналған, сондай-ақ, мнемотехника, мнемотехника әдісін кәсіби қызметте қолдану жолдары, мнемокестелермен жұмыс істеудің тиімділігі қарастырылған.
-
Арстангалиева Ж.С. 4К моделі бойынша ойындардың қолданылуы.
Әдістемелік құралда мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілерге ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдануға болатын 4К моделі бойынша жасақталған ойындар түрлері ұсынылған.
-
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУЫ»
Жинаққа ҚР бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің баяндамалары мен іс-тәжірибелері енген.Жинақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған.









