-
Ойын технологиясы арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту/Развитие речи ребенка с использованием игровых технологий
Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық іс-әрекетінде тәрбиеленушілердің сөйлеу тілін дамыту үшін ойын технологияларын қолданудың теориялық
негіздерін практикалық жүзеге асыру мысалдарын қарастырады. Әдістемелік нұқаулық мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінеарналған.Методические рекомендации освещают теоретические основы педагогической деятельности педагогов по применению игровых технологий для развития речи воспитанников и включают примеры их практической реализации. Методические рекомендации предназначены для педагогов дошкольных организаций.
-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың тілдік ортасын қалыптастыру
Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі ұйымда тілдік ортаны қалыптастыру, ерте жастан тілдік ортаға ену мәселесін зерттеу мақсатында әдебиеттерге жалпы шолу ұсынылады. Ұсынылған тақырыптағы тәжірибелергезерттеу және талдау жүргізудің маңызды екенін және мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаны қалыптастыру бойынша отандық тәжірибелердідамыту қажеттілігін көрсетеді.
-
Бастауыш класс оқушыларының коммуникативтік дағдыларын жетілдірудің тиімді жолдары
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда автор бастауыш кластарда тілдік пәндерді оқытудағы нәтижеге бағытталған білім беру сапасын жақсарту мақсатында сабақты жоспарлау топтамасы оқыту үдерісіндегі іс-әрекеттерді жүргізу қадамдары, теориялық түсініктеме, үлгілер мен жеке іс-тәжірибе қорытындылары берілген.
-
Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру
Әдістемелік құралда заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметті ұйымдастырудың негізгі бағыттары, жетілдіру жолдары, ұтымды әдіс-тәсілдері қарастырылған. Сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды үйлестіруге қажетті нысандар үлгілері қамтылған.
-
Мінез-құлықты қолданбалы талдаудағы этиканың рөлі
Оқу құралы оқырманға жалпы білім беретін мектептің инклюзивті сыныптарында мінез-құлыққа қолданбалы талдауды енгізу кезінде ұстануға тиісті барлық қажетті анықтамалық мәліметтер мен әдістемелерді ұсынады. Нұсқаулықта этикалық принциптерді сақтау, мамандардың бірлескен жұмысы, АСБ бар студенттердің қажеттіліктерін бағалау, осы бағалауға негізделген мақсаттар қою, қолданбалы мінез-құлық араласуларын жоспарлау, АСБ бақылау үшін деректерді жинау және талдау мәселелері қарастырылады.
-
-






