-
Оқыту процесінде жалпыұлттық құндылықтарды дарыту/ Привитие общенациональных ценностей в процессе обучения
Әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінде жалпыұлттық құндылықтардың теориялық негіздерін сабақта және сыныптан тысжұмыстарда жүзеге асыруы мен практикалық жүзеге асыру мысалдарын қарастырады. Әдістемелік нұқаулық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінеарналған.
Методические рекомендации освещают теоретические основы организации деятельности учителя начальных классов по привитию общенациональных ценностей науроках и во внеклассной работе с младшими школьниками и включают примеры практической их реализации. Методические рекомендации предназначены для учителей начальных классов организаций образования -
Қазақ әдебиеті сабақтарында колледж студенттерінің сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту
Әдістемелік нұсқаулықта колледж студенттерінің сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қазақ әдебиеті сабағында дамыту мәселелелері қарастырылған.Шығармаларды талдау барысында дәлел келтіру, салыстыру, талдау, бағалау сынды жоғары ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған тиімді әдістермен тапсырмалар ұсынылған. Әдістемелік нұсқаулық – колледж студенттеріне, жоғары оқу орындары
мен колледждердің педагогикалық пәндер оқытушыларына, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарына арналған. -
-
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Әдістемелік құралда PISA халықаралық зерттеуі туралы түсінігіні ашатын теориялық бөлімі, Абайдың қара сөздеріне оқу сауаттылығы тапсырмалары бойынша оқу сауаттылығының мазмұндық компоненттері, сонымен қатар PISA мәнмәтініндегі тапсырмаларды дайындау бойынша ұсынымдар берілген. Тәжірибелік бөлімінде оқу сауаттылығы Абайдың қара сөздері бойынша тапсырмалар енгізілген.
Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамыту және қалыптастырумен айналысатын педагогтерге ұсынылады.
-
САРАЛАП ОҚЫТУ ЖӘНЕ САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ҮЙРЕНУШІЛІК ТӘСІЛДЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Әдістемелік нұсқаулықта бастауыш сынып пәндерін оқыту үдерісінде қолдануға болатын саралаудың әдістері мен тәсілдері ұсынылған. Оқыту барысында саралау әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың әр түрлі ерекшеліктерін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын тапсырмалар қарастырылған.
-
-
-









